ТАЯУ ШЫҒЫС: Өткен жылы Палестина жеріндегі еврей қоныстарын тұрғызу қарқыны 2002 жылға қарағанда, әлдеқайда жоғары болды, деп хабарлайды Израильдің Орталық статистика бюросы. Орталықтың дерегі бойынша, өткен жылы еврей қоныстарында алдыңғы жылмен салыстырғанда баспана 35 пайыз артық немесе 1850 үй салынған және салынып жатыр. Халықаралық “Жол картасы” жоспарына сәйкес, Израиль еврей қоныстарынұлғайтуды доғаруға тиіс.