ВАШИНГТОН: АҚШ сенаторы Джон Керри Демократиялық партия атынан президент сайлауына түсу бәсекесінде іс жүзінде жеңіске жетті. Нью-Йоркті қоса алғанда, “супер сейсенбі” деп аталған 2 наурыздағы бастапқы дауыс беру өткен 10 штаттың 9-ында Джон Керри жеңіп шықты. Одан бұрын сенатор бастапқы дауыс берілген 20 штаттың 18-інде басым түсті. Керридің негізгі бақталасы – тағы бір сенатор Джон Эдвардс, Джорджия штатындағы жалғыз жеңісінен соң, енді науқаннан бас тартатын түрі бар.
АҚШ сенаторы Джон Керри Демократиялық партия атынан президент сайлауына түсу бәсекесінде іс жүзінде жеңіске жетті.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
AzattyqTV