Accessibility links

Қазақстанда ғылыми жұмыстарға бөлінетін қаражат ұлғайтылған. Биыл бұл салаға 8 млрд. теңге ескерілген.


Қазақстанның барлық облыстарынан жиналған, 200-ге жуық ғалымдар қатысқан инновациялық даму тақырыбындағы жиынға, республика премьер-министрі қатысады деп жоспарланған. Министрлер кабинетінің басшысы Даниял Ахметовте, Қазақстанның өндіріс және сауда министріде отырысқа орынбасарларын жіберіп, өздері жиынға қатыспады. Шенеуніктердің бұл қылығын, Қазақстан ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрынов, олардың ғылымға деген көңілінің төмендігі деп бағалап отыр. Ғылымның жеітстігі, олардың басшылығымен біткен жұмыстар өндіріске енбей жатыр. Мекемелердің, зауыттардың, фабрикалардың біздің республикадағы ғалымдардың жұмысына оң көзбен қарамауы. Олар барлық технологияларды шет елден тасиды. Оны осы жерден біздің ғалымдардың күшімен халықаралық деңгейде жасауға болады. Бірақ, олар біріншіден, өздерінің білетін жағына бұратын болар. 20 жыл бойы жазылған, «Математикалық талдау» кітабының авторы, физика-математика ғылымдарының докторы Нұрлан Темірғалиевтің пікірінше, Қазақстанда ғылымды қаржыландырудың екі-ақ түрі бар: бірі қайтарылмайтын гранд, екіншісі өтелетін несие.



Ақша көп табам десе, оған кредит беру керек. Кредит деген ойын жүзеге асыру сосын, пайда тапсында ақшаны қайтарып берсін. Екінші гранд деген кімге керек. Математиканың өте терең теориясын ілем десең оған саған ешкімде ақша бермейді. Оған гранд берсін. Компьютерге программа керек. Программа деген, алдымен алгоримт деген болады. Оны математиктер жасайды. Көп ақша талап етпейді. Бірақ пайдасы өте көп. «Майкрософт» басқа да ірі-ірі компаниялар Индияда шығарған программаларды сатып байып жүр.

Соңғы кезде республикада 5 зерттеу орталықтары ашылған. Мемлекеттік тапсырыспен ғылымға бөлінетін қаражат ұлғайтылды. Инновациялық бағдарламада жазылғандай, мақсат-санаткерлік үлесі басым тауарларды ұлғайтып, шикізат тәуелділігін азайту. Сөйтіп, ғылымның экономикаға қосатын үлесін арттыру. Бірақ, табыс әкелмейтін салалар мемлекет есебінен қаржыланбайды. Ғылым және білім министрі Жақсыбек Құлекеевтің ойынша, ғылымға инвесторлардың көңілін аудару қажет. «Ғалымдардың еңбегімен дүниеге келген өнімдердің бәсеке таласы неғұрлым жоғары болса, мемлекет экономикасына да соғұрым тиімді»,-дейді министр. Жалпы бұл салада шешілмеген сұрақтар көп. Республика премьер-министінің орынбасары Сауат Мынбаев мойындағандай, Қазақстанның инновациялық тәжиребесінің төмендігі, жаңа ұсыныстардың аздығы осы уақытқа дейін шешілмеген. Және қаржыландыру жүйесімен ғылым саласындағы ұйымдастыру жұмыстарының осал тұстары басым. Қазақстанның ғылым және білім министрі Жақсыбек Құлекеев болса, әріптесінің сөзін құптап, ғалымдардың өздерін кіналап отыр.



Біздің ғалымдардың көпшілігі әлі де болса, осы мемлекет тарапынан қаражат бөліне берсе, біз сол бұрыңғы жасап отырған жұмысымызды жасап, мақала болмаса жеке кітаптар жазып отыра берсек, деген ойда жүргендер көп. Ал бірақ бүгінгі күннің талабы ерекше. Нарықтық экономикада біздің ғылымның да нарықтық экономикаға беретін үлесі ерекше болу керек. Ғалымдар өздерінің қолында бар жаңалықтарын басқаға беруге қимайды, өзі жаңа кәсіпорын ашуға араласайын десе, өзінің ғылыми жетістігі ол материалдық тұрғыда ол ақшамен бағалана алмайды. Биылғы жылы, мемлекеттік бюджеттен ғылым саласына 8 миллиард теңгеге жуық қаражат бөлінейін деп отыр. Ол жалпы жаман емес, біздің елімізде. Салыстыратын болсақ, Кеңес одағы кезінде Қазақстан аумағындағы ғылыми жетістіктер, негізінен әскери мақсаттарда қолданды. Әсіресе, ғарышты игеру саласында. «Қазір ғылымға деген қөзқарас өзгерген»,-дейді кейбір ғалымдар. Биыл, ғарышты игеру жұмыстарына көп көңіл бөлініп отыр. «Байқоңыр» ғарыш кенішінің мүмкіншіліктерін пайдаланып жер серігін жасау үшін, республика бюджетінен едәуір қаражат бөлінген. Әрмен қарай, көмірсутегі шикізатын өңдеу арқылы мұнайдан пластмасс, полимер, еріткіш заттар және басқа да бұйым алу көзделіп отыр. Компьютерлерге арналған микрочиптерді шығару үшін, кремний өндірісін қолға алу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG