10 наурызда Қазақстан журналистер Конгресінің «Жарнама туралы» заңдағы спирттік ішімдіктер мен темекі өнімдеріне тыйым салуды жарты жылға тоқтату жөніндегі ұсынысына Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемаларының Ұлттық орталығы өз қарсылықтарын білдірді.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша темекі зардабынан жыл сайын 5 миллионға жуық адам көз жұмады екен. Оның 25 мыңы Қазақстан үлесінде көрінеді. Және күн сайын Қазақстанда 70 – 80 адам темекі келтірген залалдан қайтыс болады.
Осы деректерді алға тартқан Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемаларының Ұлттық орталығы қолданыстағы «Жарнама туралы» туралы заңды күшейтпесе, оның күшін әлсіретуге ешқандай болмайды дейді.
Алайда қарапайым азаматтардың да, ресми мекемелердің де спирттік ішімдіктер мен темекі өнімдерінің жарнама мәселесіне қатысты пікірлері екіге жарылып отыр.