Accessibility links

Бұрынғы Тәжікістан ішкі істер министрі сотталатын болды


Араға 6 жыл салып Душанбеге оралған Тәжікістанның бұрынғы ішкі істер министрі Якуб Салимовке ресми түрде үкіметтік төнкермек болды деген айып тағылды. Яғни, бұл саяси тұлғаға Тәжікістандағы азамат соғысы тұсында үкіметті төңкермек болды деген айып тағылып отыр. Сот үдерісі Тәжікістан бастан кешкен азамат соғысының әлі бітпеген талай жарасын қоздыруы мүмкін.

Араға 6 жыл салып Тәжікістанның бұрыңғы ішкі істер министрі болған Якуб Салимов қолы кісендеулі күйде осыдан ай бұрын өз еліне оралған болатын. Ресей жағы оны Мәскеу түрмесінде 6 ай ұстап ақпанның 24 күні Тәжікістан жағына тапсырды. Сейсенбі күні тергеуші Бахадур Хомидов журналистер алдында сөйлеген сөзінде Салимов сатқындық және бандиттік жасағаны үшін сотталады деді: "Кәзір оған тағылған айыптар оқылып берілді"

Тәжікістанда 1992 жылы басталып 5 жылға созылған азамат соғысы тұсында Якуб Салимов елдегі бір айтулы тұлға болған. Халық Майданы аталатын үкіметті қолдайтын әскерилендірілген жасақ құрды. Өзінің Ресей баспасөзіне берген интервьюінде Салимов 1992 жылы біз Халық Майданы және Парламент болып бірігіп президент міндетін атқарушы Ақборшо Искандаровты қызметтен алдық, оның орнына Жоғарғы Кеңес төрағасы болып отрыған бір елеусіз тұлғаны президент етіп отырғыздық дейді. Ол елеусіз тұлға деп отырғаны бүнінгі Тәжікістан президенті Имамоли Рахмонов. Оған іле-шала Салимов Тәжікістан ішкі істер министрі болып тағайындалады. Азамат соғысы тұсында Салимов құрған полиция жасақтары Тәжікістан әскерінен екі есе көп болған. Салимов Тәжікістан әскерінің сол кездегі атышулы бір поковнигі Махмуд Худайбердиевпен одақтасады. 1997 жылы маусымда қол қойылған бейбіт шартқа екі командирдің екеуі де қарсы шығады. Сол жылдың тамыз айында бұл екі командирдің жасақтары үкімет әскерімен соғысады. Сол кездегі Салимовтың тағы бір одақтасы президент ұланының командирі Гафур Мурзоев еді. Бүгінде үкіметте қызмет істейтін Гафур Мурзоев былай дейді:

"Ол кінәлі ме кінәлі емес пе оны тек сот шешеді." Соныңмен үкімет әскерімен 1997 жылы болған соғыста жеңіліс тапқаннан Салимов бала-шағасын алып шетелге қашады. Сауд Аравиясынан бір-ақ шығады. Оның одақтасы Махмуд Худайбердиев болса бір жылға жоғалып кетіп 1998 жылы Тәжікістан теріскейінде Согд өлкесіне оралып үкімет әскерімен шайқасқа түседі. Сол майданда 200 кісі опат болады. Худайбердиев қашып құтылады. Енді Тәжікістан прокуроры Бобожан Бобоханов пікіріне ден қоялық:

"Қылмыстары делініп отырған айыптары үшін ол Тәжікістан заңдары алдында жауап береді" дейді прок
XS
SM
MD
LG