ТАЯУ ШЫҒЫС: “Хамас” тобының көсемі шейх Ахмад Йассинді Израильдік тікұшақтың зымырандық соққысымен өлтіруден 1 күн өтпей жатып, Израильдің ресми өкілдері “Хамас” тобы жетекшілерінің көзін жоюды әрі қарай жоспарлайды деп мәлімдеуде. Израильдің қорғаныс министрі Шауль Мофаздың бүгін мәлімдегендей, “Хамас” тобына соққы беру – Израильдің қауіпсіздігін көбірек қамтамасыз етеді. Ал Израиль армиясы штабының бастығы Моше Яаалон “террористік құрылымдардың басшыларын жою, біздің көзқарасымыз бойынша, терроризмге қарсы күрес стратегиясының бірі болып табылады”деп мәлімдеді