Еуразиялық экономикалық қауымдастықтың мемлекетаралық кеңесінің шешіміне сәйкес аталған шартқа бес мемлекеттің басшылары 2003 жылдың 21 ақпанында Мәскеу қаласында қол қойыпты.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары-Шекаралық қызмет директоры Болат Зәкиевтің айтуына қарағанда, аталған шартқа сәйкес еуразиялық экономикалық қауымдастыққа мүше мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық бес бағытта жүргізіледі. Олар -- ұлттық заң және өзге де актілердің үйлесімділігі, сыртқы шекараны қорғау мәселелері бойынша өзара кеңесулер өткізу, жедел-іздестіру қызметін үйлестіру, сыртқы шекара арқылы өткізу пунктеріндегі шекараны қорғау саласындағы шекаралық мекемелермен ынтымақтастық, сондай-ақ шекаралық мекемелерді материалдық-техникалық жағынан қатмасыз ету.
Қауымдастық шеңберінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған аталған халықаралық шарт бірінші рет дайындалыпты.
Болат Зәкиев депутатттардың заң жобасынан тыс қойған сұрақтарына да жауап берді.
Мәжіліс депутаты Уәлихан Қалижанов «Ташкенттегі Қыбырай елді-мекенінде негізінен қазақ ұлтының өкілдері тұрады. Жарылыс кезінде ондағы отандастырымызға қауіп төнген жоқ па» деген сұрақ қойды. Алайда, Болат Зәкиев өзінің шекара қызметі саласына ғана жауап бере алатындығын айтты. Оның айтуына қарағанда Қазақстан шекарасында күшейте күзету қызмет тәртібіне көшкен. Шекараға қосымша күштер шығарылып, әскер саны көбейтілген. Қосымша бақылау бекеттері қойылған.
Депутат Қалижанов Өзбекстандағы қазақтар тарихи отаны Қазақстанға келуге мүдделі болуда және онда қазіргі уақытта екі миллионға жуық қазақ бар дейді. Ол жарылыстарда қаза болған, жараланғандар арасында қазақтар жоқ сыңайлы дегенді айтады.
Өзбекстандағы террорлық әрекеттерден қаза болғандар арасында қазақ ұлтының өкілдері бар ма деген сұрақпен Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің консулдық қызмет департаментінің директоры Уәлихан Қоңырбаевқа хабарласқанымызда, ол бүгін Өзбекстандағы елшіліктің кеңесшісімен сөйлескенде қаза болғандар арасында қазақ ұлтының өкілдері жоқ деп жауап алғанын айтты.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары-Шекаралық қызмет директоры Болат Зәкиевтің айтуынша шекарада жасалып жатқан шаралар бүгінгі күні жеткілікті, қалғаны оқиғаның өрбуіне байланысты болады. Сондай-ақ ол аталған екі ел арасында жәй күндері мыңдаған адам қатынап келгенін айтты.
Ал, Қазақстан Парламент Мәжілісінің төрағасы Жармахан Тұяқбай Өзбекстандағы қазақ диаспорасының Қазақстанға оралуы үшін квотаны ұлғайту үшін қосымша қаржы бөлу мүмкіндігін қарастыру жайында Үкімет басшысы Даниал Ахметовке сауал жолдады.
«Еуpазиялық экономикалық қауымдастыққа мүше мемлекеттердің сыртқы шекарларын күзетудегі ынтымақтастық туралы шартты бекіту туралы» заң жобасы мақұлданды
- Жұмагүл ТЕМİРҒАЛИ
Наурыздың 31-і күні Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісі "Еуpазиялық экономикалық қауымдастыққа мүше мемлекеттердің сыртқы шекарларын күзетудегі ынтымақтастық туралы шартты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын мақұлдады.