Accessibility links

Гүржістандағы аутономиялы република Аджарияның президенті Аслан Абашидзе абақтыда отырған өз саяси қарсыласы Теңіз Асанидзені бостандыққа шығарды.


Мұндай шешімді Абашидзеден Адам құқықтары бойынша Еуропа соты талап етті. Батумидің бұрыңғы қала әкімі Асанидзе бір қатар айыппен 1993-жылы қамалған болатын. Бірақ Аслан Абашидзе Еуропа сотының Асанидзеге төлемақы ретінде 155 мың евро берілуі қажет деген шешімімен келіспей отыр. Асанидзенің бостандыққа шығарылуын бейсенбі күні Гүржістан президенті Саакашвили Абашидзеден талап еткен болатын.
XS
SM
MD
LG