Accessibility links

Астананың адвокаттар алқасының, адам құқықтары жөніндегі қазақстандық халықаралық бюросының және психологиялық зерттеулер орталығының өкілдері өлім жазасы туралы өз ұсыныстарын президент әкімшілігіне жолдауды шешіп отыр.


Өлім жазасынан бас тартқан мемлекеттердің тәжірибесіне сүйенсек, жазаның жеңілдеуі қылмыс көрсеткіштерінің азаюына әсер етпейді,-дейді Қазқастандық заңгерлердің басым көпшілігі. Қазір әлем бойынша 36 мемлекет өлім жазасынан мүлдем бас тартқан, ал 30 елде мараторий енгізілген. Қазақстанның әділет министрі Оңалсын Жұмабеков хабарлағандай, қазір өлім жазасына кесілгендерді қамауда ұстайтын Қазақстанда да 250 орынға ескерілген бір мекеме дайын.

Қостанай облысында Жітіқара қаласында өлім жазасына кесілгендерге және өмір бойы бас бостандығынан айырылатындарды ұстауға жағдай жасалды. Адам құқықтары жөніндегі қазақстандық халықаралық бюроның директорының орынбасары Жеміс Тұрмағанбетованың ойынша, өлім жазасына кесілгендерді бұлайша оқшаулау дұрыс емес. Ең үлкен қате, бөлек ұстаймыз дегендері. Басқа елдерде бөлек ұстамайды. Бәрі бір жерде отырса, бұзақылық сол жерден шығады. Астана қаласының адвокаттар алқасының төрағасы Александр Галайша өлім жазасын тоқтатуға мүлде қарсы. Ол өлім жазасын өмір бақи отырумен алмастыру жазасына қарсымын дейді, өйткені бұл конституцияға қайшы келеді. Онда өлім жазасы бар делінген, демек, мараторий туралы сөз қозғалмау керек. Сот үкімінің ұзақ уақыт бойы жүзеге асырылмауы, ертең ұзақ мерзімді қинауға айналуы ықтимал. Жазаны өтеу жүйесімен таныс адамдар өлімді таңдап алатыны содан,-дейді Астана қаласының адвокаттар алқасының төрағасы Александр Галайша. Қазақстан президентінің Парламенттегі өкілі, заңгер Бақытжан Әбдіраимовтың пікірінше, жазаның басты мақсаты үшеу. Әлеуметтік әділдік, қылмыскерді түзету және қылмыстың алдын алу. Осы көзқарасты ескергенде, өлім жазасы бұл үш мақсатты да жүзеге асыра алмайды,-дейді заңгер. Астана жұртшылығы өкілдерінің бұл мәселеге өзіндік көзқарастары бар. -Адамның өмірі бір рет беріледі. Оны алуға ешкімнің хақы жоқ. Іслам қоғамында да, зайырлы қоғамда да. Басқа елдермен біздің елді салыстыруға болмайды. -Өлтіре салса, ол оңай жаза шығар. Тез өлтіргенше өмір бойы отырғызған дұрыс шығар, өмір бақи өкініп өтетіндей. -Ату жазасына келіспеймін. Өмір бақи отырған дұрыс, қанша айтқанмен адамбызғой. -Біздің түрлемелерде адамның моральдік бұзылып шығуы ол 100 пайыз.

Осы проблеманы зерттеп жүрген кейбір сарапшылардың пікірінше, гуманизм тұрғысынан алғанда адам өмірін қию дұрыс емес. Өлім жазасына кесілгендер, жазасын заң талаптарына сай бір жыл күтеді. Бұл ол адамға психологиялық салмағын түсіреді,-дейді психологтар. Ал Қазақстанның психологиялық зерттеулер орталығының бас маманы Свет Кұстанаеваның өзіндік пікірі бар. Біз айтамызғой түзету орны деп, негізі ол солай саналады. Негізгі сол органдар, сол түзету комитетінің жұмысы дұрыс емес. Қазір тікелей өлім жазасын алып тастауға біз әлі дайын емеспіз. Қазақстанның қамаудағыларды оқшаулау департаментінің бастығы Мақсұт Баймұханбетов жалғыз адамдық камералардың тапшылығын алға тартып отыр. Оның үстіне, түзету мекемелеріндегі қауіпсіздікті толық қамтамасыз етуге, біздің шамамыз жетпейді,-дейді ішкі істер министрлігінің өкілі. Ал, адам құқықтары жөніндегі қазақстандық халықаралық бюросы директорының орынбасары Жеміс Тұрмағанбетова болса, өлім жазасынан толық бас тарту қажет дейді. Өзі не бәрі 15 млн. адам бар. Өлім жазасынан бас тарту керек. Адам ретінде емес, мақұлық ретінде ұстаса, әрине олар айтады атып таста деп. Әзірге мараторийдің аяқталатын мерзімі шектелмеген. Қазір Қазақстанда өлім жазасына кесілген 28 адам бар. Олардың өмірін мороторийдің жариялануы сақтап қалған.
XS
SM
MD
LG