БАҒДАД: Ирақтағы АҚШ әскерінің өкілі генерал Марк Киммит бүгін Әл-Фаллуджа қаласындағы ахуалды “бірқалыпты” деп сипаттады. Оның айтуынша, жекелеген атыстардың орны болды, бірақ Бағдадтан 50 шақырым жердегі Әл-Фаллуджаны қоршап тұрған АҚШ әскері соғыс қимылдарына бармады. Ирақтың Басқару кеңесінің дәнекер болуымен, қарулы сүнни жасақтары мен коалициялық күштердің арасындағы келіссөзді Марк Киммит келіссөздің “бастапқы сатысы” деп суреттеді.