Accessibility links

АҚШ күштері шииттердің қасиетті қаласы Наджафқа жиналып, операцияларға әзір тұр.


Ал перзидент Джордж Буштың айтуынша, ол Ираққа тағы да қосымша әскерлер жіберуге дайын. Қазіргі кезде Наджаф қаласы маңайындағы американ әскерлері 2500дей. Ол жерде шииттердің жетекшісі Моқтада ал-Садр өз сарбаздарымен орналасқан, делінеді.

АҚШ қосындары мен ирақ күрескерлері арасындағы Фаллуджадағы уақтынша тыныштық келісімі тағы да 48 сағатқа, яғни 2 тәулікке созылған.

Ол келісімге қарамай, хабарларға сенсек, АҚШ шабуылшы ұшақтары Фаллуджадағы бүлікшілдер бекіністеріне әуеден соққы беріп тұрған.

Кеше түндегі баспасөз мәслихаты кезінде президент Буш ал-Садрды өз заңсыз күштерін таратуға шақырды. Сондай-ақ, Буш, АҚШ әскери басшылығының өтінішімен, Ираққа тағы да қосымша 10 мың әскер жібермекпін, деген.

- Қазір және болашақтағы аймақтық жағдай әскерлердің күш-қуатына тікелей байланысты. Қажет болса, қосымша күш және қаржымен қамтамасыз етемін, - деген АҚШ президенті.

Қазіргі кезде Ирақта 130 мыңдай АҚШ әскері бар. Фаллуджа маңайындағы екі апталық шайқастарда кемінде 75 АҚШ сарбазы қаза тапты.
XS
SM
MD
LG