Accessibility links

Алғашқы сынақтар Жоғары оқу орындары студенттерiнiң бiлiм деңгейi сын көтермейтiнiн байқатып отыр


Қазақстанның білім министрлігі ағарту саласын толығымен жаңартуға мүдделі. Осы мақсатта жасалған білім беруді дамыту тұжырымдамасына бірнеше толықтырулар енгізілген. Биылғы жылы 70 мың мектеп салып, 500 ғимаратты түбегейлі жөндеуден өткізу жоспарланған. Келесі жылы Қазақстандағы барлық мектептердің 70 пайызын интернетке қосу көзделген. Бірақ, білім беруді дамыту тұжырымдамасындағы бірінші жұмыс ретінде студенттерді сынақтан өткізу қарастырылып отыр. Ақпан айында 10 мың студент 5-6 пән бойынша, алдын-ала жасалған сынақтан өткізілген болатын. Бүгін, сол сынақтың қорытындысы жарияланды. Нәтижесі, мамандардың көңілінен шықпай отыр. Мемлекеттік тестілеу орталығының директоры Тахир Балықпаевтың мәліметінше, сынақтар бүгін өтсе, біраз студенттер оқудан шеттетілген болар еді. Байқау санағы тесіндегі нәтижеде кейбір пәндерден студенттердің өте төмен нәтиже көрсеткені байқалды. Ол мысалы, математика, информатика пәндерінен одан кейін, экономикалық салада студенттердің білім деңгейі төмен екені көрсетілді.

Сырттай оқыту арқылы білім беретін оқу орындарының сапасы да, сынақтан өткізіледі. Бул туралы президент көмекшісі Григорий Марченко айтып өткендей, кейбір мекемелер диплом басатын баспаханалға айналып кеткен. Білім министрі Жақсыбек Құлекеевте, сырттай оқитын адамдардың кейбіреуі тіпті, жоғарғы оқу орнының мекен жайын білмейтінін алға тартты. Сондықтан, сырттай дәріс беретін оқу орындарының біразы жабылуы ықтимал. Есесіне, келесі жылдан бастап, «қашықтықта” дәріс беру саласын дамыту көзделген. Ал 2-3 курс оқып жатқан студенттердің сынағы биыл жазда басталады. Алматы педагогикалық институтының ректоры Тоқмұхамбет Садықовтың пікірінше, сынақтан қорқуға болмайды, сабағын дұрыс оқып, емтихандарға дайындалса болғаны.

Ондай студенттер білімін көрсете алмай қалса, білімін жалғастыруға мүмкіншілік жасалған. Ақшасын төлеп жатқаннан кейін оны ешкім оқудан шығармайды. Бірақ, оның оқу уақыты ұзарып кетеді. 4 жылдың орнына 5 жыл, 5 жылдың орнына 10 жыл оқиды.

Бұл жаңа енгізулерге қатысты, балаларын өз қаржысына оқытып жатқан ата-аналардың көзқарастары бар.

Ол барып тұрған қателік, ол бүгін 3 алып қалды делік, ондай болады. Оның болашағын сызуға болмайды келесі жылы. Ол Қазақстан болашағын сызғанмен бірдей.

Ол өтпей қалды. Олар онсызда бітіргенсоң жұмыс таппай зар болып жүр, стаж керек деп. Одан кейін, оны кеміте берсе, бала тіпті оқи алмай қалады. Ол дұрыс, келешекте қабілетті мамандар кетек. Жоғарыда аталған сынақтан өтетін студенттер арасында, сынаққа қатысты әр түрлі пікірлер қалыптасқан.

Дұрыс, өзінің біліміне қарай, білімің болмаса қуып жіберген дұрыс. Бәрібір оқу керек. Білім болмаса, ешқандай мамандық ала алмайсың.

Дұрыс емес, қазір білім нашар. Ауылдан шыққан бәрі.

Қазақстанның ғылым және білім министрі Жақсыбек Құлекеевтің пікірінше, педагогтардың ішінде мектептен басқа білімі жоқ ұстаздар да кездеседі. Мектептерде сабақ беріп жатқан мұғалімдердің ішінде 6 мыңға тарта зейнеткерлер жұмыс істейді екен. Осы олқылықтарды жою үшін алдағы жылдары қосымша мұғалімдерді дайындау көзделген,-дейді жақсыбек Құлекеев.

12 жылдыққа өткелі тұрған кезеңде,бізге шұғыл арада, көбірек мұғалім дайындауға тура келеді. Себебі, оқу мерзімін бір жылға ұлғайтқан соң, 30 мың мұғалім қажет болады.

Оның сыртында, білім беру министрлігі, келесі жылдан бастап, магистрлерге жұмсалатын қаржыны ұлғайтуды сұрап отыр. Бұл ғалымдарды дайындау сапасын арттырады,-дейді министрлік өкілдері. Әсіресе, философия докторларын дайындауға жыл сайын 8-9 мың доллар қаражат қажет деген пікір бар. Қазақстанның ғылым және білім министрі Жақсыбеков Құлекеевтің мәліметінше, мемлекеттік тапсырыс бойынша яғни бюджет есебінен, осы сомаға 100-ден астам философ дайындалады. Ал, басқа мамандықтардың біразына гранд мүлде ескерілмеген. Бүгінде, Қазақстандағы барлық студенттердің жартысына жуығы экономист және заңгер мамандығын алуға даындалып жатыр. Сондықтан, келесі жылы, осындай мамандық алатындар үшін гранд ескерілмеген. Заңгер не экономист болам дейтіндер, тек өз отбастарының қаржысына сеніп, несие алуына құқылы.
XS
SM
MD
LG