Сондай-ақ аталған бірлестік саяси партияға да айналмайды дейді олар. Бірақ, билікке желтоқсан оқиғасына қатысты мемлекеттік тұрғыдан саяси бағасын беруіне байланысты талабымызды қоямыз әрі сол үшін күресе береміз деген ойларын жеткізді.
Енді осы бірлестіктің құрылтайшылық жиынында нақты нендей мәселелер қаралды дегенге келсек, ұйымдастыру құрылымы бекітіліп, басқару мүшелері сайланды.Сондай-ақ ұйымның жарғысы таныстырылып, көпшілік қолдауымен бекітілді. Сөйтіп, ұйымдастырушылар құжаттарын заңды түрде тіркеуге жіберетіндіктерін айтты. Бірлестіктің басты мақсаты – бұған дейін толық аяғына жетпеген желтоқсан оқиғасының әлеуметтік маңызын арттыру. Себебі, желтоқсан оқиғасына қатысты ақиқат әлі айтылып болған жоқ дейді бірлестік белсенділері. Олардың дерегінше, сол кезде сотталған 99 азаматтың 25-і толық ақталып болмаған екен.