Accessibility links

Славяндық Лад қозғалысының «Ладинформ» атты бұқаралық ақпарат құралы таратқан мәлімет


Славяндық Лад қозғалысының «Ладинформ» атты бұқаралық ақпарат құралы Қостанайда қолдарына шоқпар ұстаған 100-деген жеткіншектер тапа-тал түсте еуропа нәсілді жас жігіттерді ұрып соқты деген мәлімет таратқан. «Ладинформ» таратқан ақпаратқа сай, бұл жайт Қазақстандағы ұлттардың құқын қорғау туралы саясатты теріске шығарады. Бұл мәліметке сәйкес, Қазақстанның Қостанай қаласындағы 22-інші мектебінің бірнеше оқушысы осы қаладағы Қазақ-Түрік лицейінің тәрбиеленушілерімен келісімге келмей төбелес шығарған. Төбелес күәлары полиция шақырғанымен, олар оқиға болған жерге келмеген. Қостанай қаласының ішкі істер басқармасының кезекшісі Михайловтың сөзіне сүйенсек, құқық сақтау органдарында төбелес туралы ақпарат жоқ.

Қостанай қаласының Қазақ-Түрік лицейінің күзетшісі Нұрсұлтан Медетпеков болса, балалар арасында болған шағын жанжалға 100-деген емес, бар жоғы 10 адам қатысқан деген ақпарат берді. Медетпековтың сөзіне сүйенсек, 22 мектеп оқушылары және Қазақ-Түрік лицейінің оқушылары арасындағы балалардың ішінде қазақ және орыс ұлтының өкілдері бар. Сондықтан, қазақ балалары еуропа нәсілді жеткіншектерді ұрып соқты деген «Ладинформ» ақпараты шындыққа ұласпайды,-дейді Қостанай қаласының Қазақ-Түрік лицейінің күзетшісі Нұрсұлтан Медетпеков. Ол өтірік бәрі.

Қазір төбелеске қатысқан Қазақ-Түрік лицейінің оқушылары мектептің әкімшілігімен жазаланып отыр,-дейді Нұрсұлтан Медетпеков Бұрын шығып ойнаушы еді. Демалыс күндері қолдары босаған кезде. Енді оған тыйым салынды. Жеткіншектер арасындағы жанжалдың себебін білу мақсатымен «Азаттық» радиосының тілшілері Қостанай қаласындағы 22 мектепке, Қазақстандағы Славяндық «Лад» қозғалысының Қостанай бөлімшесіне және Қостанайда орналасқан Қазақстан халықтарының шағын ассамблеясына хабарласқан болатын. Бірақ, бұл мекемелердің барлығынан да ақпарат алу мүмкін болмады. Ал, есімін жасырған, сол төбелеске қатысқан Қазақ-Түрік лицейінің оқушысы жанжалға ұлттық қатынастардың ешбір қатынасы жоқ,- деген уәж айтып отыр.

Біздің кішкентай баламыз қызға барған. Оны ұрған. Сосын 7-8 сынып оқушылары жоғарғы сынып оқушыларынан көмек сұрады. Біз олармен барып сөйлескенде, оларға бір нәрсе ұнамай қалды, содан басталды. Ал, қазақ орыс деген әңгіме жоқ. Славяндық «Лад» қозғалысының «Ладинформ» ақпараттық агенттігінің есімін жасырған тілшісі осы төбелес туралы өз көзқарасын беріпті. Ол Қазақ-Түрік лицейлері арқылы, Қазақстанға экстремистер енуі мүмкін деген пікірін келтірген. «Ладинформның» баспа сөз парағында жазылғандай, төбелестің куәлары жанжалдың әрмен қарай жалғасы болатынына күмәнданбайды, есімідері айтылмаған төбелес куаларының келесі сөзінде жанжалдан ешбір нәтиже шығарылмай жатыр деген өкініш жөнінде жазылады.
XS
SM
MD
LG