Accessibility links

Құрылып жатқан Қазақстанның Демократиялық таңдауы халықтық партиясының ұйымдастырушылары Әділет министрлігіне құжаттарын тапсырды


Құрылып жатқан Қазақстанның Демократиялық таңдауы халықтық партиясы саяси кеңесінің төрағасы Асылбек Қожахметовтің айтуынша, мүшелік тізімге алынғандардың саны 83 мыңнан асады. Бірақ олардың барлығының құжаттарын толығымен тексеріп әлі үлгере алмай жатқандықтан, әділет министрлігінің тіркеу комитетіне 72 мыңнан астам қол тапсырған. Асылбек Қожахметов партияға мүше болуға ниет білдіргендердің 23 пайызы отызға толмағандар екендігін айтады, ал 32 пайызы 40 пен 60-жас аралығында. Ұйымдастыру жұмысына Асылбек Қожахметовтің айтуынша, Асар партиясынан мың есе аз қаржы жұмсалған.



Қазақстанның Демократиялық таңдауы саяси партиясын ұйымдастырушылардың бірі, Парламент сенатының депутаты Зәуреш Батталова егер партияны билік тіркеуден өткізбесе, билікке наразылық ретінде алаңға халықты жинайтындықтарын айтып отыр. Оның сөзіне қарағанда, Демократиялық таңдау қозғалысын әділет минитсрлігі 52 рет тіркеуден өткізбей кейін қайтарып жіберген. Ал партияның лидері ретінде олар абақтыда отырған бұрынғы Павлодар облысының әкімі Ғалымжан Жақияновты көріп отыр. Егер ол бостандыққа шыққан күннің өзінде біздің ұсынымызға таңдауды өзі жасайды, – дейді сенатор Зәуреш Батталова.

Сонымен қатар олар «Солид Партнерс» деп аталтын тәуелсіз заңгерлік компаниямен келісім шартқа отырғандығын жеткізді. Бұл компания партияның ұйымдастыру жұмыстары басталғаннан құжаттарын әділет минитсрлігінің тіркеу комитетіне өткізгенге дейін сарапшы ретінде жұмыстарының заңдылығын бақылап отыратын көрінеді.



Құрылып жатқан Демократиялық таңдау халықтық партиясының жұмысы жайында, жаңадан құрылып жатқан тағы бір Коммунистер партиясының жетекшісі Владислав Косырев оң баға береді. Оның айтуынша, олардың жинаған 80 мың қолы шынайы.



Ал «Отан» партиясының мүшесі, сенатор Қуаныш Сұлтанов ол партияның жұмысына араласпағаннан кейін қандай да бір пікір айтудан аулақпын дейді.



Парламентте 2002 жылы жаңадан саяси партиялар туралы заң қабылдау қажеттігін көтерген Азаматтық партия фракциясының мүшесі Рамазан Сарпеков белсене жұмыс жүргізгендер жеткілікті қол жинай алатындығын айтады.



Ал Азаматтық партияның мүшесі, Мәжіліс депутаты Мұхтар Тінекеевтің айтуынша, Қазақстанның Демократиялық таңдауы халықтық партиясын ұйымдастырушылар партияға халықты алдап тартып отыр. Ол өзі сайланған Қарағанды қаласында аталмыш партияны құрушылар халықтың жекешелендіру инвестициялық купонын қайтарамыз деп шақырып мүшелікке тартқандығын айтады.



Оның айтуынша, кезінде Гитлер де билікке жақсы бағдарламамен келген. Егер ертеңгі күні билікке Серікболсын Әбділдин немесе Ғалымжан Жақиянов келсе, халықтың күні не болады, мүлікті бөлісу басталады дейді, – Мұхтар Тінекеев.



Қазақстанның Демократиялық таңдауы халықтық партиясының тіркеуден өту өтпеуі он күннен кейін белгілі болады. Егер тіркеуден өтсе Қазақстандағы партияның саны онға жетеді.
XS
SM
MD
LG