Депутаттың тергеушілермен кездесуінде олар оған тергеудің жариялауға жатпайтын ақпаратын сыртқа шығармас үшін, арнайы шығарған қаулы бойынша, сізге Жақияновпен кездесуге тыйым салынған, деп түсіндірген. Тергеушілер, бұл орайда, қылмыстық процессуалды кодекске сілтеме жасаған.
Ал Тоқтасынов мырза Қылмыстық атқару кодексінің 21 бабы түзету мекемелеріне президенттің, премьер-министрдің және парламент депуаттарының арнайы рұхсатсыз кіруіне құқық береді. Демек, ұлттық қауіпсіздік комитетінің тергеушілері өз өкілеттігін асыра пайдаланған. Бұл жағдайда, Жакияновпен қатар депутатың да құқы бұзылып тұр,-дейді Ол республиканың бас прокуроры Рашид Түсіпбековке осы уақиғаға құқықтык баға беру туралы депутаттық сауал жолдады. Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының баспасөз хатшысы Кенжеболат Бекназаров бұл мәселе бойынша өз көзқарасын білдіріп, «Комитет тергеушілері барлық әрекеттерін тек заңға сүйеніп жасайды. Бірақ осы мәселеге қатысты сұрақтарыңызды депутаттық сауал жіберілген бас прокуратурадан алу керек,-деген жауап қайтарды.
Депутатқа Жакияновпен кездесуіне тыйым салған Құсмұрын түзету мекемесінің бастығы Сергей Жатькомен тілдесу мүмкін болмады. Қазақстанның қылмыстық атқару жүйесі комитетінің баспа сөз хатшысы бұл депутаттық сауалға қатысты мәлімет алу үшін ресми түрде әділет министрлігіне хат жазу қажеттігін алға тартты. Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңына сәйкес, мұндай хаттардың жауабы 3 күннің ішінде беріледі. Ал сенатор “Қазақстанның демократиялық таңдауы” қозғалысының мүшесі Зәуреш Батталованың пікірінше, бұл Жақияновты сайлау қарсаңында түрмеден шығармау үшін жасалып жатқан әрекет. Ғалымжанды партия лидері деп, өзіміз тағайындағанбыз. Сосын сайлау кезеңі келе жатыр. Сондықтан, осы жағдайды іске асырмас үшін, Ғалымжанды түрмеден шығармау үшін, жасалып жатқан іс-әрекет.
«Қазақстанның демократиялық таңдауы” қозғалысының өкілдері хабарлағандай, қазір олар Ғалымжан Жакияновты босатуға үгіттейтін кезекті митинг өткізуді жоспарлап отыр. Ол алдымен Семейде, кейін Алматы мен Құсмұрында жалғасады деген жорамал бар.