Ирақтың Басра қаласында бүгін бомба орнатылған автокөліктердің жарылысынан 68 адам, оның ішінде мектеп оқушылары да бар, қаза болды. Бомба салынған 3 автокөлік Басра полициясының жанында бір мезгілде болған жарылыс пен Зубаир қаласында болған төртінші жарылыстан бас-аяғы 100-ге жуық кісі жараланды. Дәл осы мезгілде Әл-Фаллуджа қаласында АҚШ әскері мен көтерілісшіледің арасында кескілескен шайқас өтіп, шабуыл жасағандардың 9 оққа ұшты, көбісі жараланды. 3 АҚШ әскері жарақат алды. Басра қаласындағы жарылыстарды ұйымдастырғандар туралы британ сыртқы істер министрі Джек Стро:
“Олар – Ирақ халқының демократиялық қоғам мен жарқын болашаққа деген еркін жоққа шығаруды көздеген қаныпезер адамдар”, -деп бағалады.
Ирақтың Басра қаласында бүгін бомба орнатылған автокөліктердің жарылысынан 68 адам, оның ішінде мектеп оқушылары да бар, қаза болды.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Өлімнен құтқарар эликсир
Путин мәңгі өмір сүргісі келе ме? Ресей қартаюмен күресетін ұлттық жоба бастады
-
Қарағанды облысы
Тән жарасы мен жан азабы. Зауытта зардап шеккен жұмысшының күресі