Қазақстанның көлік және коммуникация министрі Қажымұрат Нағмановтың мәліметінше, темір жол саласында жүк тасымалы ұлғайған.
Әсіресе, Қытай елінің дамуына байланысты Қытай жағынан тауар тасудың көлемі өсіп жатыр. 2012 жылға дейін, 1,5 есеге дейін ұлғаяды деген жорамал бар.
Бұл жиналыста Қытай арқылы өтетін темір жол бағыттарына көп үміт артылып отыр. Қытай темір жолдары кәсіпорнының кеңесшісі Хэ Хунданың мәліметіне сүйенсек, биылғы жылы Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк тасымалы бұрын соңды болмаған көрсеткіштерге жеткен. Соңғы мәліметтер бойынша, жүк тасымалы 30-31 млн. тоннаға жақындаған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 16 пайызға артық,-дейді Қытай темір жолдары кәсіпорнының кеңесшісі Хэ Хунда.
Республиканың темір жол арқылы шет елдермен қатынасы өркендей түссе, аймақтардағы адамдардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуге болады, деген пікір бар. Бірақ, бұл мүмкіншіліктерді пайдалану үшін, тасымал кестесін өзгерту керек,-дейді қазақстандық теміржолшылар. Темір жолдардың ынтымақтастығы ұйымының төрағасы Тадеуш Шозданың пікірінше, бұл халықаралық ұйымға кіретін 25 мемлекеттің теміржол кәсіпорындарының басшылары тарифті төмендетуі мүмкін. Өйткені қазір Еуропадан Азияға тасымалданатын барлық контейнерлердің тек 3 пайызы ғана темір жолмен жеткізіледі, қалғаны кемелермен тасымалданады. Сондықтан, темір жол тасымалының тиімділігін арттыру үшін, темір жол иелері тариф бойынша келісімге келуге өздері ықылас білдіріп отыр дейді.
Темір жолдардың ынтымақтастығы ұйымының төрағасы таратқан мәлімет бойынша Голландия Еуропаның басты транзиттік жол айрығына айналған. Бұл мемлекеттің транзиттен түсетін табысы жалпы экпорттық көрсеткіштердің 40 пайызын қамтиды. Демек, басқа елдер оның ішінде Қазақстан да транзиттік мүмкіншіліктерін толық пайдаланса орасан табыс көзін ашуға болады,-дейді ол. Бүгінде, Еуразия құрлығының 13 халықаралық дәлізінің бесеуі Қазақстан арқылы өтеді. Дегенмен олардың барлығы темір жолмен жүргізілмейді. Қазақстанның көлік және коммуникация министрі Қажымұрат Нағмановтың ойынша, темір жол саласының үлкен бәсекелесі бар. Бұрын теңізбен таситын жолдардың үлкен қыспағы бар.
Темір жолдардың ынтымақтастығы ұйымының төрағасы Тадеуш Шозданың пікірінше, жүк жөнелтуші фирмалар теңіз жолдарын пайдаланады.. Өйткені порттарда кеме иесімен келісімге келсең болғаны, ал құрлықтан өткенде әр елдің өз темір жол иесі бар, және олардың әрқайсысының тарифтері әр түрлі. Жиында қаралған келесі мәселе -- теміржолшылар ұйымындағы елдердің бір-біріне деген берешегі. Мысалы, ортақ активтері 50 млрд. доллардан асатын Ресейдің әлемдегі ең ірі теміржол компаниясы Қазақстанға 32 млн. франк қарыз болған. Ресей темір жолдары акционерлік қоғамы президентінің орынбасары Хасан Зябировтың мәліметінше, Ресей жағының Қазақстан алдында берешегі жоқ.
Темір жолдардың ынтымақтастығы ұйымындағы Қазақстан өкілі Зүбайда Аспаеваның мәліметінше, Қазақстан темір жолдардың ұзындығы жағынан да тасымалданатын жүк көлемі жағынан да әлемде 4 орында. Және Қазақстанның басқа елдер алдында берешегі жоқ, керісінше, Қазақстан арқылы жүгін өткізгені үшін, бірқатар мемлекеттер «Қазақстан темір жолы компаниясына» берешек болып қалған,-дейді.
Қарыз мемлекеттер Иран, Әзірбайжан, аз-маз Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан. Ал Қазақстан ешкімге қарыз емес.
Темiржолшылардың халықаралық ұйымы директорларының Азия мен Еуропа елдерi арасындағы темiржол байланысының тиiмдiлiгiн арттыру жөнiндегi хаттамаға 25 елдiң өкiлдерi қол қойған соң, ондағы талаптарды халықаралық ұйымға кіретін барлық мемлекеттер орындауға тиіс.