Accessibility links

АҚШтық генерал Мартин Демпсидің қаралап айтуынша, Ирақтағы қауіпсіздік күштерінің бір бөлігі одақтас күштерге қарсы жұмыс істей бастаған.


Генералдың есебі бойынша, өткен 3 апта ішінде орын алған жанжалдар кезінде Ирақ қауіпсіздік күштерінен 10 пайыздай адам АҚШ қосындарына қарсы жұмыстанған.

Сондай-ақ Демпсидің айтуынша, Ирақ қауіпсіздік күштерінен 40 пайыз адам өз отандастарына қарсы жұмысты тоқтатқан ал 50 пайызы өздеріне тиісті міндеттерді орындамай отыр. Ал бұл арада бүгін Басрада Моқтада Ал-Садрдің қолдаушылары шерулетіп, кешегі бомбы шабуылының алдын алалмаған Британия күштерін айыптаған.
XS
SM
MD
LG