Жаңа дерекнамаға қарағанда, Кипрдегі түріктер қайта қосылуға ниетті болғанымен, гректер оны қаламайтын сықылды. Ал, БҰҰ бас хатшысы Кофи Аннан ұсынған жоспар бойынша, Кипрде біріккен федералдық республикасы құрылуы керек. Сол бағдарламаға орай, сенбі күні халықтық референдум өтпек.
Кипр аралындағы Никосия қаласында тұратын 50 мыңдай адам түріктер жасайтын ауданға келіп еуроодақ елдері туларын желбіретіп, түрік жане грек тілдерінде қайта бірігуге шақырып тұрды.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
Шәкерім, тарих және Жаңаөзен. Мұхтар Мағауин мұрасына тарихшы көзқарасы