Жолаушыларға ұсынылатын төсек орындардың төсек жаймаларын жуатын компаниялар да жеке меншікке беріледі. Бұл темір жол саласындағы барлық қызметтер арасында бәсеке таласын жасайды дейді Қазақстанның көлік және коммуникация министрлігінің басқарма бастығыТөлен Қоңқақов.
-Акциялардың бәрін Қазақстан темір жолдарының өзі сатады. Сосын сол ақшаға қайтадан темір жол салады вагондар сатып алады. Айналып жүре береді сол темір жолдың ішінде.
Вагондарға жөндеу жүргізетін шеберханалар, темір жол саласына қызмет көрсететін басқада кәсіпорындар жеке меншікке көшуі ықтимал. Бастысы бұрыңғы жұмысқа ауыз толтырып пйтатындай өзгерістер енгізілмейді. «Қазақстан темір жолы” ұлттық компаниясының баспа сөз қызметкері Төленді Тілеубайдың ойынша, темір джолда істеп келе жатқан кәсіпорындар акцияларды сатып алады.
-Оларға біздің локомотив немесе темір жол бойындағы аймақ жалға беріледі. Бәрі бұрыңғы қалыппен жұмыс істейді. Тек акционерлік қоғамдар өз қызметтерін бөліп алады.
Жолаушылар тасымалымен айналысатын жеке меншік компаниялардың барлығына бірдей дотация берілмейді. Мәселен, жатын вагондармен купелердің иелеріне және Астана-Алматы сияқты табысы жоғары бағыттардың қожайындарына мемлекеттен көп қаржы бөлінбейді. Жорамал бойынша, тасымал саласындағы тарифтер бәсеке туындаған соң арзандауы тиіс, нәтижесінде темір жолмен жеткізілетін тауарлардың құны да төмендейді деген пікір бар. Ал Қазақстанның монополияға қарсы агенттігінің басқарма бастығы Инна Пактың мәліметіне қарағанда агенттік тек магистарлдік жүйеге рұқсат беретін тарифтерді реттеп отырады. Ал жолаушыларды тасымалдау құнын компаниялар өздері қоюына құқылы.
Жалпы және плацкарт вагондарындағы жол жүру құнын Қазақстаннның монополияға қарсы агенттігі бекітеді, ал купе және жатын вагондарындағы баға нарық талаптарына сай сұраныс пен ұсыныс шешетін болады дейді теміржолшылар. Жүк тасымалына қатысты барлық тарифтерді жеке меншік компаниялар өздері бекітеді. Ал көмір сияқты әлеуметтік маңызы бар жүктерді тасымалдауға қатысты бағаларға мемлекет жағынан дотация бөлу ескерілген. Қазір «Қазақстан темір жолы” ұлттық компаниясы мұнай мен металл сияқты жүктерді тасымалдауға салынатын тарифтердің есебінен, әлеуметтік маңызы бар жүктерге жеңілдетілген тарифтер енгізген. Темір жол саласын жекешелендіру бағдарламасында «франшиза” енгізу де ескерілген. Қазақстанның көлік және коммуникация министрлігінің басқарма бастығыТөлен Қоңқақовтың пікірінше, бұл да нарық заманының талабы.
-Біздер бағыттарды тендер арқылы сатуды «франшиз” деп отырмыз.
магистральдар жеке меншікке берілмейді, заң бойынша оны жекешелендіруге болмайды. Бірақ, толық магистраль мемлекеттің қарауында қалғанымен шойын жолдың белгілі бір бөліктері сатылуы ықтимал. Бұл туралы Қазақстанның көлік және коммуникация министрлігінің басқарма бастығыТөлен Қоңқақов былай деп мәлімдейді:
-тупикке баратын жолдар сатылады.
Мемлекет қозғалысты ұйымдастыру және басқаруға жауап береді. Темір жол саласындағы бұл жұмыстар жеке меншік компаниялардың құзырына берілмейді. Биыл жазда, жолаушылар тасымалы саласында вагондарды лизинг талаптарымен сататын компания ұйымдастыру көзделген. Бұл туралы Қазақстанның көлік және коммуникация министрлігінің басқарма бастығыТөлен Қоңқақов хабарлады.
-жолаушылар вагондарының бәрін лизинг арқылы сатып алуға болады.барлығы жеке меншәікке сатылу керек, бірақ әлі сатып алған ешкім жоқ.
Қазақстан тұрғындарының өкілдері темір жолды жекешелендіруге қатысты өз пікірлерін білдіртті.
-Бағасы көтеріледі, бәсеке болса да баға бәрібір көтеріледі. Бір-екі компания сатып алады. Сосын өз-ара келісіп, бір бағаны қойып алып отырады. -Мұны бермеу керек мемлекеттік болғаны дұрыс. -Баға төмендеуі мүмкін емес, керісінше көтеріледі. -Жеке болған дұрыс сияқты, әр бір басшы өз ұйымының рейтингін көтеруге тырысып бағады.
Жалпы, темір жол саласындағы монополия азайтылып бәсеке таласын енгізу жоспарланған. Бұл темір жол саласына ағылатын инвестициялар көлемін едәуір ұлғайтуға себін тигізеді дейді теміржолшылар.