Accessibility links

Алматыда Мәуліт мерекесі өтті


Барша мұсылман баласы жыл сайын Мұхамед пайғамбардың туған айында Мәуліт мерекесін өткізіп келеді. Бұл үрдіс Қазақстанда жыл өткен сайын белең алып, жалғасын тауып келеді,- деді Қазақстан мұсылман діни басқармасының төрағасы, бас муфти Әбсаттар қажы Дербісәлі.

-Мәуліт мерекесі бүгін ғана өтіп жатқан жоқ. Осы мамыр айы басталғалы республикамыздың түкпір-түкпірінде аталып өтуде. Біздің республикамызда 25-ке жуық мұсылман ұлттың өкілдері тұрады. Солардың барлығының бірлігін, татулығын көрсету. Профессор Өмірзақ Айтбайұлы қоғамның дамуына байланысты сан алуан өзгерістерді бастан кешіріп отырмыз. Сондықтан мұндай жиындардың тағылым-тәрбиесі бөлек,- деді. -Мұндай жиындарға жастар көбірек келсе, көбірек тартылса жақсы болар еді. Бүгін тағылымды жақсы әңгімелер, Мұхамед Ғалейку Саламның өсиеттері айтылды. Рухани ішкі жан дүниеміз тазарып, кетіп барамыз. Келесі Алматы қаласының тұрғыны Қарлығаш Таңатарова өз ойын былайша білдірді. -Осындай істер оқу орындарында жалғасын тауып отырса. Мен Қазақтың Аграрлық университетінің оқытушысымын. Жақында ғана қажылыққа барып келдім. Бізде адамдар сол қажылық дегенге аса мән бермейді. Түсінгілері келмейді. Мен қажы болғандықтан басыма ылғи да орамал байлап жүремін. Оны жұмыс барысында кейбірі түсінеді, кейбірі түсінбейді. Жастарымызда дінге бет бұрып келеді. Олардың арасында басына орамал байлаған қыздар мен сияқты ортасымен түсініспеушілікке кездесіп жатады. Нұр-Мүбәрәк Египет Ислам мәдениеті университетінің студенті Әбілхан Балтаұлы аталған шара туралы өз ойын былайша білдірді. - Он төрт ғасырдан асса да Мұхамед пайғамбарымыздың айтқан хадистері өз құндылықтарын жоғалтқан жоқ. Жастарға берері мол.
XS
SM
MD
LG