Қазір Иракта 32 елінің сарбаздары жүр. Қазақстан парламентінің депутаты Жекен Қалиұлының пікірінше, Қазақстан сарбаздарын дереу Ирактан шығару керек.
-Соғысқа қатыспай-ақ гуманитарлық көмек көрсетсе де болады. Астықпен, дәрі дәрмекпен.
Қазақстанның сыртқы істер министрінің орынбасары Мұхтар Тілеубердінің пікірінше сарбаздарға белгіленген мерзім әлі өтпеген. Ал Ирақтағы ахуал насырға шауып барады деп айту қиын деген тұжырым жасалды. Қазір Ирақты қалпына келтіру процессі Біріккен Ұлттар Ұйымының құзырына берілген, демек осы уақыттан бастап барлық халықаралық талаптар жүзеге асырылатын болады дейді Қазақстанның сыртқы істер министрінің орынбасары Мұхтар Тілеуберді.
Депутаттар қазақстандық сарбаздардың жағдайы туралы сұрақтарын қойған кезде, республиканың қорғаныс мекемесінің басшысы Мұхтар Алтынбаев Ирактағы Қазақстан сарбаздарына тәулігіне 40 доллар беріледі деген болатын. Орта есеппен ай сайын жауынгер мың жарым доллар қаражат табады. Қазақстан парламентінің депутаты Уалихан Қалижанұлының пікірінше, келісім шарттпен қызметін өтеп жүрсе де Қазбат жауынгерлерін Ирақтан шығару керек. Өйткені, Ирақтағы ахуал азаматтық соғысқа ұласып барады дейді депутат.
- Азаматтық соғысқа айналып бара жатыр деп айтуға болады. Қару ұстап жүрген адамдар. Соған қауіптенемін.
Қазір қазақстандық сарбаздар Бағдаттан 70 шақырым жердегі Әл-Кут қаласының маңындағы украиндық бітімгершілік батальоны орналасақан территорияда орын тепкен. Азық-түліктерімен, жуынатын суларымен және палаткалармен Американдықтар қамтамасыз еткен. Қазақстанның қорғаныс министрінің орынбасары генерал Абай Тасболатовтың пікірінше, қауіпсіздік шараларында американдықтар қолға алған. Қазір Қазақстан жауынгерлері Америка күштерімен қорғалған. Қазақстан қорғаныс министрлігінің алғашқы мәліметтеріне қарағанда, Қазақстан сарбаздары толығымен солтүстік атлантикалық әскери одақ стандарттарына сай әскери жарақпен қамтамасыз етілген. Бірақ Қазбат туралы мәліметті таратқан Қазақстаннның сыртқы істер және қорғаныс министрлерінің баяндамалары депутатардың көңілінен шықпай қалды. Ал осы тақырыпты зерттеп жүрген саясаттанушы Нұрболат Масановтың ойынша, бұл мәселені министрлер емес президенттің өзі түсіндіруі тиіс. Әскери бөлімге тек өз еркімен келгендер жинақталған. Сарбаздардың барлығы арнайы дайындықтан өткен. Тіл үйреніп, мүмкін болады деген науқастарға қарсы егуден және психологиялық дайындықтан өткен,-деп хабарлады қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі. Ал Қазбат сарбаздарын Қазақстанға қайтаруға қатысты көзқарасқа қарсы пікірлер де естіліп тұрады. Саясаттанушы Әзімбай Ғалидің мәліметіне сүйенсек, Қазбатты Ирақтан шығару ертерек. - Менің ойымша бұл дұрыс емес. Қорғаныс мәселелері соғысқа дайындықты қажет етеді. Одақтасты Батыстан іздеу керек. Егер сарбаздар миссиясы атқарылып жатқан ауданда әскери операциялар басталса жауынгерлердің еңбекақысы 3 есеге ұлғайтылады,-деген уәде берілген. Қаза болған Қазақстандықтардың отбасына 2 мың доллар шамасында үстемақы берілуге тиіс.