ТБИЛИСИ: Ресейдің қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Игорь Иванов Тбилисиде Грузия үкіметінің өкілдерімен кездесті. Грузин премьер-министрі Зураб Жванияның хабарлауынша, Грузиядан бөлінуде көздеген Абхазия мәселесі келіссөздің ең басты тақырыбы болған. Осы айдың басында Грузияныің сыртқы істер министрі Салум Зерабишвили ханым Аджария автономиясын бері қаратқан соң, Тбилиси Абхазияны да өз құрамына қайтаруға ұмтылады деп мәлімдеген болатын.