БАҒДАД: Ирақтағы Басқару кеңесінің төрағасы Абдул Захра Отман Мухаммад пен тағы кем дегенде 9 кісінің Бағдадта қазасына себеп болған дүйсенбілік лаңкестік қастандыққа әлемнің жетекші елдері ащы наразылық білдіруде. Мухаммад - коалиция күштерінің штабы жанында жанкешті-террорист бомба орнатылған автокөлікті жарған кезде мерт болды. Изеддин Салим деген лақап атымен танылған Мухаммад Ирақтағы Басқару кеңесінің қастандықтан опат болған екінші мүшесі. Бағдадта өткен баспасөз-маслихатында коалицияның өкілі Дэн Сенор коалициялық күштер Басқару кеңесі мүшелерінің қауіпсіздігін күшейтеді деп мәлімдеді.
Ирақтағы Басқару кеңесінің төрағасы Абдул Захра Отман Мухаммад пен тағы кем дегенде 9 кісінің Бағдадта қазасына себеп болған дүйсенбілік лаңкестік қастандыққа әлемнің жетекші елдері ащы наразылық білдірді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Шыңжаңдағы қуғын-сүргін
"Туындыларым қар көшкендей әсер етсе деймін". Қазақстандық фотограф Ядыкар Ибраимовтың күресі