Accessibility links

Қазақстанның Қарағанды облысында 6 механизатор жер учаскелерін пайдалдану құқын қайтаруды талап етіп, аштық жариялаған


Осыдан бірнеше жыл бұрын Крещеновка ауылының 120 тұрғыны ауыл шаруашылық техникаларын және 3 мың гектар жер учаскелерін алып Қарағандыдағы ірі аграрлы мекеме «Агросоюз” құрамына қосылған. Қазір ауыл тұрғындары еңбекақы алмадық, егін өнімін пайдаланбадық деп шағымданып отыр. “Агросоюз» өкілдері бұл ақпаратты теріске шығарып отыр.

Аштық жариялағандардың ішіндегі тракторшылар бригадасының жетекшісі Василий Усачевтің мәліметінше, осы жағдайдан кейін, жер учаскелерін берген пай иелерінің біразы Агромекемеден шығып, дербес серіктестік құрып, өздері егін екпекші болған. Әзірге, диқандар не жер учаскелерін, не техникасын ала алмай отыр. Қазір, бұл елді мекенде банкрот рәсімі жүргізіліп жатыр. Егер барлық техника бір лотпен сатылатын болса, «Агросоюз” басшылығы оны сатып алатыны сөзсіз дейді Осакаровка аудандық ауыл шаруашылық басқармасының бастығы Ваха Успаев.

Ауыл тұрғындарының сөзіне қарағанда, жаңа серіктестік құру жөніндегі құжаттар аудан әкімшілігіне өткен жылы берілгенімен, диқандар-жер учаскелерінің және техниканың заңды иелері деген құжаттар әлі күнге дейін толтырылмаған. Егер, біз дер кезінде егін екпесек, жерімізден мүлдем айырылып қаламыз дейді аштық жариялап отырған механизаторлар. Ол мемлекет меншігіне көшіп кетеді. Қазақстан парламентінің аграрлы комитетінің мүшесі Асқар Қабанбаевтің пікірінше, оқиға кейіпкерлерінің сыртында, Қазақстандағы басқа да ауыл тұрғындарының басым көпшілігі жаңа жер кодексіндегі талаптарды дер кезінде орындай алмай, жер учаскелерінен айырылып қалуы мүмкін.

-Жерді алу үшін, шаруа қожалығын ашу керек. Оған салық, зейнет төлемдерін төлеу керек. Соған халық төбеден жай түскендей болып отыр. Көптеген халық соны өзіне қаратып үлгірмейтін түрі бар. Бұған сол нормадағы мезгілді бір жылға дейін ұзарту керек.

Наразылық акциясын өткізіп отырған шаруалар толық талаптарымыз орындалмаса, 7 күн ішінде 2 жұмыскеріміз өздерін өртейді деген мәлімет таратқан. Аудандық ауыл шаруашылық басқармасының өкілдері бұл мәлімдеге назар аударып отырған жоқ. Тек егістік науқаны кезіндегі пікірталас кесірінен, техника тоқтап қалған дейді олар. Ал жер учаскелері бойынша, қазір проблема жоқ дейді Осакаровка аудандық ауыл шаруашылық басқармасының бастығы Ваха Успаев. Олар барлық диқандарға бөлінген. Бұл шешіммен «Агросоюз” бірлестігінің басшылығы келіспей отыр. Бірақ, бұл туралы ақпаратты радио толқындарында және интернет парақшаларында жариялаудан бас тартты. «Агросоюз” бірлестігінің басшылығы ұсынған мәліметке сай, аудан әкімшілігі аштық жариялаған адамдарға жер учаскелерін заңсыз бөлген. Өйткені, бірлестік құрамында оған кіретін басқа диқандардың да жер учаскелері бар дейді ол. Екіншіден, «Агросоюз” күшімен бұл жерлерге қаражат салынып құнарлығы жоғарлатылған, техниканы да қалпына келтірген біз дейді бірлестік өкілі. Бұл заңға қайшы жасалып отырған аштық жариялау акциясы, сол берешекті өтемей, дайын жермен техниканы тартып алудың амалы дейді «Агросоюз” бірлестігінің өкілі. Ал, Қазақстан парламентінің мәжіліс депутаты Асқар Қабанбаевтің пікірінше, жаңа жер кодексіндегі талаптарға сәйкес, ірі ауыл шаруашылық бірлестіктері шағын шаруа қожалықтарының жер учаскелерін заңды жолмен тартып алуы ықтимал.

-Жерді жарғылық қор ретінде салу керек. Ал кейбір заңды тұлғалар жерді алмаймыз дейді. Олар қарапайым тұрғындардың рәсімдей алмайтынын біледі. Сөйтіп, уақытын созып алады да, бірінші қаңтардан кейін әкімге арыз жазып жерді алуына мүмкіншілік алады.

Осы даудың шешімі ары кетсе, алдағы жылдың басына дейін шешілуге тиіс. Қазақстандағы жер туралы жаңа кодекс талаптарына сай 2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап жер учаскелерін қайта жалға беруге тиым салынады.
XS
SM
MD
LG