Accessibility links

Ауғанстандағы қыркүйек айына белгіленген сайлаудың қауіпсіздігін арнайы дайындықтан өткен 24 мың полицей қамтамасыз етеді.


Ауғанстандағы қыркүйек айына белгіленген сайлаудың қауіпсіздігін арнайы дайындықтан өткен 24 мың полицей қамтамасыз етеді. Ол жайында бейсенбіде Ауғанстанның ішкі істер министрі Әли Ахмад Джалали хабарлады. Осы күні Қатар үкіметінің өкілі хабарлағандай, Ауғанстанның қауіпсіздік күштерін оқытуға әлем қауымдастығы 350 млн. доллар қаржы бөледі. БҰҰ-ының босқындардың істері бойынша Жоғарғы Комиссары Рууд Любберс ауған босқындарының елге оралуын қамтамасыз ету үшін Ауғанстандағы халықаралық күштердің қатарын ұлғайтуға шақырды. Оның мәлімдеуінше, Иран мен Пәкістанда әлі 3 млн.-ға жуық ауған босқыны бар.
XS
SM
MD
LG