Едуард Кокойтидің Бірігу партиясы Парламенттегі 30 орынның 20-сын иеленген екен. Бұл сайлаулар Грузия елбасы Саакашвилидің осы аймақты Гүржі құрамына қайта қосып алғысы келетін ниетіне орай өткізілген болатын. Кеше сөйлеген сөзінде Кокойти мырза өз аймағының ресми Тбилисидің айтқанына бас ие қоймайтындығын ескерткен еді. Ол сондай-ақ, Оңтүстік Осетияның Ресейге қосылмақ ұмтылысын тағы да қайталады.