Accessibility links

Францияның пікірінше, АҚШ пен Британияның БҰҰ қауіпсіздік кеңесі қарары үшін жасаған жобасында бір қатар дұрыс тұстар бар, бірақ оларды талқылау қажет.


Ресей оны Ирақтың уақтынша үкіметі өз күшіне енгенде ғана талқыламақ. Ал Ирақтағы АҚШ тағайындаған Басқару кеңесінің жетекшісі Ғази Машал ал –Явар АҚШ-Британия жобасын орынды, бірақ өтпелі кезең үкіметіне жеткілікті құқық берілуі қажет дейді.

АҚШ президенті Буш маусым соңында Ираққа ұлттық егеменді мәртебесін беру үшін 5 сатыдан тұратын жоспар ұсынды. Тағы бір жаңалық, АҚШтық бас қолбасшы генерал Санчестің орнына жаңа басшы келмек көрінеді.
XS
SM
MD
LG