Accessibility links

Қазақстан бас министрі Даниял Ахметов бүгін Ресей астанасына мәскеулік реcми басшылықпен келіссөздер жүргізуге келді.


Қазақстанның премьер-министрі Даниал Ахметов жұмыс бабындағы сапармен Мәскеуде жүр. Ахметов бастаған қазақстандық делегация өкілдері “Лукойл” Ұлтық компаниясының және “Роснефть” Ұлттық компаниясының басшыларымен кездесті.

Сапар аясында қазақстандық делегация басшысы Ресей Федерациясының өнеркәсіп және энергетика министрі Виктор Христенкомен кездесті. Ал Қазақстандық делегацияның құрамында энергетика және минералдық ресурстар министрі Владимир Школьник бар. Әлбетте, көршілес елдердің мұнай мәселесін талқылайтыны сөзсіз. Осы орайда, Қазақстандық сарапшылардың бірі Әміржан Қосанов «Азаттық» радиосымен өз ойымен бөліскен еді.

-Ресеймен қарым-қатынас тек қана сол мұна

й-газ саласынан асып бара жатқан жоқ. Біздің шекара маңында олардың мұнай өңдейтін зауыттары тұр. Әрине, олар мүдделі бізден арзан мұнай алып, Қазақстанға соның ақшасын бере салуға.

Ресейліктердің пікірінше, "ҚазМұнайГаз" кәсіпорнында Ресейдің мұнай компанияларымен салыстырғанда, теңізден мұнай табу жұмыстарында тәжірибесі жоқ. Бұл салада батыспен ынтымақ құру үшін Қазақстанға орасан қаржы жұмсауға тура келеді дейді ресейлік сарапшылар. Қазақстанның мұнай шығатын басты өлкесінің орталығы Атыраулық саясаттанушы Жұмабай Доспановтың ойынша, Қазақстан тек шикізатқа тәуелді болатын шақтан кеткен.

-Кеңес одағының министрлер одағының төрағасы Николай Рыжков Атырауға 1986 жылы келген кезде, мұнай кенішін игеру кезінде, 24 зауыт салыну керек болды. Оның үштен бірі 8 Қазақстанда салынады.

Мұнайдың сыртында, Қазақстан мен Ресейдің экономикалық қарым-қатынасы нығайып келеді дейді Ресей сарапшылапры. Біріккен кәсіпорындар саны да біртіндеп өсіп келеді. Өткен жылдың соңында, Қазақстан-Ресей компаниялары 2 мыңнан асқан дейді Ресей саясаттанушылары. Осы ілім туралы бірнеше мақала жазған саясаттанушы Әзімбай Ғалидің пікірінше, Қазақстан мен Ресей арасында соңғы кезде қайшылықтар ұлғайған.

-Бұрын идеологиямен саясат басым болса, қазір сауда соғыстары басталып жатыр. Яғни екі мемлекет бір-бірінің тауарларын түрлі себептермен шеттеді.

Ресейлік саясаткерлердің кейбіреуі бұл пікірге қарсы. Екі жақ арасындағы тауарайналым көрсеткіштері 2003 жылы 5 млрд. доллардан асқан. Екі елде тәуелсіз мемлекеттер достастығының сыртында, Шанхай ынтымақ ұйымының, Ұжымдық қауіпсіздік келісімінің және Еуразиялық экономикалық қауымдастықтың мүшелері болып табылады. Қазақстандық сарапшылардың бірі Әміржан Қосановтың пікірінше, экономикалық қатынастарды тиімді пайдаланып, мұнай долларларын қайта инвестициялап Қазақстан территориясында мұнай өңдеу зауыттарын салған абзал.

-Тек қана мұнайды шикізат ретінде сыртқа шығара бермей, сол ақшаны пайдаланып, мұнай өңдеу зауыттарын неге салмаймыз?

Кейбір ресейлік бақылаушылардың пікірінше, Еуразиялық экономикалық қауымдастықтың осал тұстары да бар. Мәселен, қазақстандықтар автомашиналарға салынатын салық көлемінің өсетініне наразылықтарын білдірткен. Бұл мәселе қазір, Қазақстан Ресей қатынасымен байланысты дейді сарапшылар. Есесіне әскери салада екі ел арасындағы ынтымақ нығайып келеді дейді ресейлік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері. Кейбір ақпарат көздеріндегі мәліметке сәйкес, Ресейдің әскери жоғарғы оқу орындарындағы қазақстандық шәкірттердің саны басқа елдермен салыстыруға да келмейді екен. Ал көптен сөз болып жүрген мұнай-газ саласындағы қатынастарға Атыраулық саясаттанушы Жұмабай Доспановтың өз көзқарасы бар.

-Қазақстанда зор көлемде өндіріліп жатқан мұнайды пайдаланып, мұнай зауыттарын салу керек.

Әскери қатынасқа келсек, Ресейдің баспасөз құралдары Қазақстанның Батыспен қарым- қатынасын нығайтып келе жатқандығын жиі айтып жүр. Осыған орай ресми Мәскеу алаңдаушылығын білдірткені белгілі. Ресейліктер өз қаруын Қазақстанға мейлінше көп сатқанды қалайды. Ал қазақстандықтар кез келген салада, экономикалық тұрғыдан тиімді елдермен сауда жүргізуге мүдделі дейді қазақстандық сарапшылар.
XS
SM
MD
LG