Accessibility links

Астанада кезекті сессияға жиналған Еуразиялық экономикалық қауымдастықтың Парламентаралық Ассамблеясының депутаттары әлемдік сауда ұйымына кірмей тұрып, кеден және тариф заңдарын бірігейлендіріп алуды ұсынып отыр.


Өйтпесек, бұл ұйымға кірген соң, өзара келісілмей қалған заңдарды әлемдік сауда ұйымының басшылығымен қайта қарауға мәжбүр боламыз дейді депутаттар.

2000 жылғы қазанның 10-ында дүниеге келген Еуразиялық экономикалық қауымдастық құрамында бес мемлекет бар. Олардың арасында бүгінге дейін 50 халықаралық шарт жасалып, қолданысқа енгізілген. Қауымдастыққа Қазақстан, Ресей, Белорус, Тәжікстан, Қырғыз республикалары мүше. Ал мамырдың 27 күні Астанада ұйымның халықаралық одағының төрағасы болып табылатын Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қауымдастықтың Парламентаралық Ассамблеясының депутаттарымен кездесті. Осы кездесуден кейін, Беларус республикасының ұлттық жиын палатасының төрағасы Вадим Попов өз пікірін білдіртті: «Кез келген елдегі өндіруші өзге елдің территориясында өз қаражатын салған кезде, қауымдастық елдеріндегі заң бірдей жүзеге асырылатынын білу керек.»

Ресей Федерациясының дума төрағасының орынбасары Владимир Пехтиннің пікірінше, қауымдастық территориясындағы экономикалық жұмыстарды бірігейлендіру үшін, кеден немесе тариф мәселелерін жақсы реттейтін заңдары бар елдердегі заң жүйесін негізге алған дұрыс.

Беларус республикасының ұлттық жиын палатасының төрағасы Вадим Поповтың пікірінше, әлемдік сауда ұйымы бір топ мемлекеттерді қатар қабылдамайды. Ұйымға ену үшін, әр мемлекет дербес қосылып отырады. Сондықтан, әлемдік сауда ұйымына кірмей тұрып, кеден және тариф заңдарын бірігейлендіріп алу керек. Өйтпесек, бұл ұйымға кірген соң, өзара келісілмей қалған заңдарды әлемдік сауда ұйымының басшылығымен қайта қарауға мәжбүр боламыз дейді депутат.

Ресейліктер, мұндай ұйымды кеңес одағы құлдыраған уақыттан бері айтып келген дейді қазақстандық сарапшылар. Олар Қазақстан территориясындағы қорғаныс кешеніндегі полигондарымен кәсіпорындарына деген қызығушылықтарын жасырмай отыр. Осы кәсіпорындардан шығатын өнімсіз біз әскерімізді қару-жарақпен қамтамасыз ете алмаймыз дейді ресейліктер. Ресейдің мұнай өңдеу зауыттары да Қазақстаннан алынатын шикі мұнайға зәру. Федерацияның көптеген электр стансалары Қазақстаннан алынатын көмірмен жұмыс істеп келеді. Ресей сарапшыларының пікірінше, Еуразиялық экономикалық қауымдастықтың құрылғаны орынды. Бұл ұйымға кіретін елдердің өзара тауарайналым көрсеткіштері тәуелсіз мемлекеттер достастығы территориясындағы елдердің осындай көрсеткішінен екі есе жоғары дейді олар. Ал қазақстандық саясаттанушылардың бірі Дос Көшімнің пікірінше, Ресеймен қауымдастықта болған Қазақстан үшін қауіпті.

- Бұрыңғы кеңес одағының бағытын белгілі бір конфедерация құру сияқты мәселелерге, не болмаса, жалпы ақша шығару мәселесіне мен өзім тікелей қарсымын. Себебі, біздің әлі күнге дейін нақты тәуелсіздігіміз, қазақ халқының тәуелсіздігі әлі күнге дейін жүзеге аспай жатқан уақытта тағы бір одаққа, әсіресе, Ресей бар жерге араласуға мен өз басым қарсымын.

Қазақстандық саясаттанушылардың бірі Әміржан Қосановтың ойынша, Ресеймен қарым қатынасты дамыта берген абзал. Ресейдің кешегі Кеңес дәуіріндегі орны, яғни саны жағынан да, территориясы жағынан да, экономикалық мүмкіншіліктері жағынан да орны бөлек, Ресеймен санаспауға болмайды дейді Әміржан Қосанов.

-150 мл.-ға таяу халқы бар нарықпен бізге әрине жақсы болу керек, өйткені біздің 14 млн. халқымызға өзіміздің өндіретін тауарларымыз ертең артық болып қалуы мүмкін. Мұндай кеңістіктерді құру, бізге басқаша ұсыныстарға, басқаша саяси құрылымдарға араласуға жақсы ұпай береді деп ойлаймын, өйткені, келіссөз жүргізгенде бұл өзі жақсы тұғыр болып табылады.

Бүгінгі таңда, бірыңғай экономикалық кеңістік құру мақсатында салық, қаржы-несие, сауда және кеден саясаты жөнінде келісімдер жасалған. Қауымдастық шеңберіндегі тарифтердің 60 пайызы келісілген. Тәуелсіз елдер достастығында бұл көрсеткіш 30 пайыздан аспайды.
XS
SM
MD
LG