Мамыр айының 28-і күні Алматыда Орталық Азия елдерінің мемлекетаралық сушаруашылығы комиссиясының кезекті отырысы аяқталды.
1991 жылы Кеңестер Одағы ыдырағаннан кейін Орталық Азиядағы Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан мемлекеттері Әмудария және Сырдария өзен суларын ортақ пайдалану жөніндегі Мемлекетаралық су шаруашылығы комиссиясы құрылған болатын. Осы аталған комиссияның Алматыда өткен кезекті 39-шы басқосуының күн тәртібіне су ресурстарын бірлесіп пайдалану, су жүйесі мәселесінде мемлекетаралық әріптестікті нығайту, ауыз су мәселесі мен халықтың денсаулығы және су ресурстарын басқарудағы әйелдердің рөлін нығайту мәселелері қойылды.
USAID халықаралық ұйымының өкілі Майкл Биддисонның айтуынша, Орталық Азия мемлекеттерінің су ресурстарын пайдалануда әрқайсының өзіндік күрделі мәселелері бар. Аймақтық деңгейден алатын болсақ, Орталық Азия елдерінде электр энергиясы мен су ресурстары бір-бірімен өте тығыз байланыста. Қырғызстанда электр энергиясы тарифтері өте төмен, сондықтан гидро-техникалық құрал-жабдықтарды пайдалану арқылы судан электр қуатын алуды көздеп отырмыз. Электр энергиясын алмасу бойынша халықаралық келісімдер дұрыс жұмыс істеуде, бірақ қосымша қиыншылықтар кездесіп отырады. Сондықтан да су ресурстарын пайдалану, басқару, гидро-техникалық құралдарды жетілдіру мәселесіне барлық аймақтарға инвестиция тарту керек. USAID халықаралық ұйымы Орталық Азия елдерінде осы мәселені шешуге, ортақ келісімге келуге көмек көрсетеді, - деді Майкл Биддисон мырза.
Аталған мәселе бойынша өз пікірін білдірген тәжікстандық өкіл Анатолий Холмотовтың айтуынша, Орталық Азия елдеріндегі су ресурстарының 55 пайызы Тәжікстан жерінде. Егер болашақта Тәжікстанда қосымша жаңадан су қоймалары салынатын болса Орталық Азия елдерінде бүгінде туындап отырған су мәселесі шешіледі.
Өзбекстан Республикасы Ауылшаруашылығы министрінің су мәселелері бойынша бірінші орынбасары Абдурахим Жалолов бүгінгі басқосудың негізгі жетістігі ретінде Орталық Азия мемлекеттері арасында жылда дау тудырып жүрген Сырдария суын ортақ пайдалану туралы келісімге қол қойылғандығын айтуға болады,-деді.
“Шығыссулар” мемлекеттік кәсіпорын директоры Қанат Дәурембеков өтіп жатқан басқосуда Ертіс өзен суын пайдалануда Ресей, Қытай, Қазақстан мемлекеттері арасында болашақта ортақ келісімге келу жөнінде алғашқы қадамдар жасалды,- деді.