Мысыр елбасы Хосни Мубарак мен Араб елдері одағының бас хатшысы Әмір Мұса және басқа да басшылар өз наразы пікірлерін білдіруде. Ол оқиғалар барысында 22 адам, оның 19-ы шетелдіктер, қаза болған. Кешегі арнайы шаралар барысында Саудия жасақтары 41 адамды кепілдіктен босатып алды. Бұл оқиғалар үшін жауапкершілікті әл-Қайда ұйымы өздеріне алуда. Олардың мақсаты Араб түбегін “мұсылман еместерден” тазалау-, дейді Франс пресс ақпарат агенттігі.