Бүгін Ирақтың уақытша президентін тағайындау мәселесі бойынша Ирақтың Басқару кеңесі мәжіліс өткізеді. АҚШ бастаған коалициялық күштер өкілдері мен Басқару кеңесі негізінен салтанатты тақ болып табылатын президент лауазымына кім отыруға тиіс деген сауал төңірегінде өзара уәжге келе алмай, келіссөзін кеше бүгінге қалдырды. Басқару кеңесі мүшелерінің басым көпшілігі президент тағында кеңестің қазіргі төрағасы, инженер Ғази Машал Аджил Әл-Йавирді көргісі келсе, Ирақтағы АҚШ әкімшілігі бұрынғы сыртқы істер министрі Аднан Пачачиді ұсынып отыр.