Accessibility links

Қазақстанның коммуннистік партиясы Парламент Мәжілісі сайлауына барa мa?


Қазақстандағы бірнеше партияның өкілдері, биыл күзде өтетін Парламент Мәжілісінің сайлауына баратын сайлаушылар қатары сиреп қалуы мүмкін деп отыр. Егер, сайлау комиссиясының құрамына коммунистік партия өкілдері қосылмаса, Қазақстанның коммуннистік партиясы сайлауға бармаймыз деген. Алдағы сайлауға байкот жариялайтындығы туралы "Азаттық" радиосына Қазақстанның коммунистік партиясының бірінші хатшысы Серікболсын Әбділдин хабарлады.

-Егер, сайлаудың алдында мынадай қаралық жасаса, біздің партия мүшелерін сайлау комиссиясына қоспаса, біз байкот жариялаймыз.

«Сайлау туралы» конституциялық заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес сайлау комиссияларын партиялар ұсынған кандидаттар бойынша, мәслихаттар құрады. Сондықтан, сайлау учаскелеріндегі комиссия құрамындағы партия мүшелеріне қатысты пікірталастарды тек маслихаттар шешуге тиіс»,-дейді Қазақстанның орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззат Сүлеймен.

-Сайлау комиссияларын қалыптастырумен мәслихаттар айналысып жатыр, басқа ешкім араласпайды.

Бұған дейін “Ақжол” партиясының тең төрағалары сайлау комиссияларын құру кезінде заң бұзушылықтар орын алды деген мәлімдеме жасаған болатын. Олар бұл көзқарас өзгермейінше, біз сайлауға қатысудың мәнін көріп тұрған жоқпыз деген болатын. Қазақстанның коммунистік партиясының бірінші хатшысы Серікболсын Әбділдиннің мәліметінше, бұл партия өкілдері де әзірге комиссиядағы орындардан құр алақан қалған.

-

Бізде қазір сондай жағдайда тұрмыз. Мысалы, бізде Атырауда берген адамның біреуінде қабылдамапты.

Қазақстан парламентінің жоғарғы палатасының депутаты «Асар” партиясының мүшесі Светлана Жалмағанбетованың пікірінше, кейбір партия өкілдері сайлаудағы бірқатар міндеттемелерді маслихаттарға беруді өздері ұсынған.

- Өздері бірінші айтқан маслихаттарға берейік оны деп.

Бұрыңғы халықтық партиясының мүшесі Атыраудағы Демократиялық қолдау орталығының директоры Жұмабай Доспановтың ойынша, режим заңдарды тек өздеріне ыңғайлы етіп жасайды.

-Билік оппозицияны әдейі өткізбей отыр, өйткені онда тағы да ұрлық болады, соны көріп қалады деп істеп отырғандары.

Қазақстан парламентінің жоғарғы палатасының депутаты «Отан” партиясының мүшесі Машани Әбілханның пікірінше, маслихат құрамын халық шешеді. «Егер халыққа сенбесек кімге сенеміз”,- дейді ол.

-Өткен маслихаттарда халықтың алдындакімнің беделі бар екені н өмір көрсетті ғой.

Қазақстандағы тәуелсіз бақылаушылар қауымдастығының төрағасы Дос Көшімнің пікірінше, бұл пікірталасты сайлау заңына өзгерістер енгізген кезде, шешіп алуға болатын еді.

-Ол кезде біз жеребе арқылы жасауды ұсынғанбыз, парламенттің жұмыс тобының төрағасы Жазылбек Әбдиев соқыр жеребе демократияның белгісі бола алмайды деп, мәслихаттар сайласын деген болатын.

Атыраудағы Демократиялық қолдау орталығының директоры Жұмабай Доспановтың ойынша, сайлау комиссиясының құрамында 7 партиядан артық адам болмау керек деген қағида тек пропрезиденттік партияларға жол ашып, опппозициялық партияларға кедергі жасау үшін, билікпен әдейі істелген.

-Сайлау комиссияларының мүшелері еңбекақы алмайды, неге 7 адам? 10 пария бар. неге 11 қылмасқа?

Орталық сайлау комиссиясының мәліметтері бойынша Қазақстанда сайлау жасынан асқан 8 млн.ға жуық сайлаушы бар.
XS
SM
MD
LG