Accessibility links

АҚШ соңғы кездегі мұнай өндірістерін көздеген террорлық шабуылдарға қарамастан, Сауд Арабиясының тұрақты мұнай ағынын қаматамасыз ете алатындығына сенімдіміз деген.


Бұл туралы кеше АҚШ мемлекеттік хатшысы Колин Пауелл айтқан. Әлемдегі ең негізгі мұнай өндіруші елдердің бірі- Сауд Арабиясы өткен жексенбі күні террошылар нысанасына айналып, мұнай орталығы Хобар қаласында 22 адам опат болған. Кеше Сауд Арабиясы батыстық мұнай орындары маңайында қауіпсіздікті күшейткендерін хабарлаған. Халықаралық базарларда мұнай бағасы бір баррелге жоғарылап кеткеннен кейін жасалған мұндай хабарлама.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG