Ирақтың уақытша президенті ретінде Ғази әл-Иауердің аты аталса, Үкімет басы Иллиад Аллои болатындығы анықталды, сондай-ақ кейбір министрлер де тағайындалды. Әлемдік қауымдастық бұл жаңалықты оң қабылдаған. Араб елдерінің лигасы мен БҰҰ-ы Ирақтың өз үкіметін құптап қарсы алды, Бас хатшы Кофи Аннан бұл процестің оңайлықпен жүзеге аспағандығын мойындады. АҚШ президенті Дж.Буш құттықтай келе, Ирақ үкіметін құрар алдында көптеген қиындықтардың болғанын атап өткен:
-Ирақтың уақытша үкіметінің ең басты міндеті қаңтардан кешіктірмей елді ұлттық сайлауға дайындау болады. Колаициямен бірлесе жұмыс істей отырып, қауіпсіздікті қамтамасыз еткенде сайлау өткізу мүмкін болады. Онда Ирақ тарихындағы тұңғыш еркін сайланған өтпелі Ұлттық жиналыс сайланады,-деп атап көрсеткен Буш.
Ирақ үкіметі белгіленіп жатқан күні де Бағдадтың батысында бір америка солдаты опат болып, жол үстінде жарылған бомбадан кемінде үш тұрғын қаза тауып, 20 дан астам адам жараланған. Ал Бейжи қаласында жарылған бомбадан 11 адам опат болған, олардың 7-уі Азаматтық қорғаныс корпусының мүшелері.