Бадғис аймағының губернаторы Азизалла Афзали Рейтер агенттігіне құрбан болғандар халықаралық шекарасыз дәрігерлер тобында жұмыс істейтіндер болғанын айтқан.
Полицияның айтуынша, шабуыл жасаған белгісіз адамдар қызметкерлер отырған машинаға оқ жаудырған.
Ауғанстаннан қуылған Талибан мен Әл-қаида жүйесіне берілген жауынгерлер шетелдіктер мен халықаралық көмек қорының қызметкерлеріне елдің оңтүстігі мен шығысында шабуылдар жасап келеді, елдің солтүстігінде де қауіпсіздік мықты болмай тұр.
Кеше Ауғанстанның солтүстік- батысында бес гуманитарлық қызметкер атып өлтірілген, олардың үшеуі шетелдіктер болған.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
"Жерге жығып, дубинкамен сабаған"
Қаңтар құрбаны Жасұлан Анафияевты азаптап өлтірді деп айыпталған полицейлер сотталды
AzattyqTV