Accessibility links

Ирақ сыртқы істер министрі бүгін БҰҰ ның Қауіпсіздік Кеңесімен кездеседі


Ирақ сыртқы істер министрі Хошияр Зебари бүгін Нью Йорк қаласында БҰҰ ның Қауіпсіздік Кеңесімен кездеседі. Мақсат Ирақ болашағын талқылау. Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелері Франция, Қытай, Германия және Ресей осы аптада Ирақ үкіметі бойынша АҚШ пен Британия ұсынған қаулы жобасын жөндеу керек деп отыр. Франция 30 маусымнан кейін Ирақ билігін қолға алатын үкіметке толық егемендік берілуі керек деп біледі. Қауіпсіздік Кеңесіне ұсынылған қаулы жобасы туралы Ирақ сыртқы істер министрі Хошияр Зебари:

"Бұл біз үшін аса маңызды қаулы, әрине біз де оған өз пікірімізді қосамыз" деді. БҰҰ ның Ирақ бойынша өкілі Лағдар Брахими сәрсенбі күні Бағдадта Ирақ халқын уақытша үкіметті қолдауға шақырды. Кеше жаңа Ирақ үкіметі Бағдадта өзінің тұңғыш отырысын өткізгені аян.

Ирақ шииттерінің дінбасы Аятолла ал-Систани Ирақтың уақытша үкіметін толық қолдайтынын мәлімдеді.

Иранның Жоғары Басшысы Аятолла Али Хаменеи болса Ирақтың уақытша үкіметін Американың малайы деп сөкті.
XS
SM
MD
LG