Accessibility links

Серікболсын Әбділдин: Біз ел болудан қалып барамыз


“Ассанди таймс” газеті редакторының орынбасары Галина Дырдина сәрсенбі күні “Ассанди таймс” басылымының атын жамылған жалған газет жарыққа шықты деп мәлімдеген болатын. Орын алған оқиға қаншалықты ҚР заңына қайшы келетіндеген білмек болып, ҚР Ақпарат министрінің орынбасары Ардақ Досжанға хабарласқан едік. Алайда хатшы қыз Ардақ Досжан мырзаның іссапарда жүргендігін айтып, барлық сауалдар бойынша Есеп және мониторинг бөлімінің бас маманы Назгүл Сандықбаеваға хабарласыңдар дегенді айтты. Сандықбаева ханым телефон арқылы мәлімет бере алмаймын. Нақты жауап алғыңыз келсе министрлікке ресми түрде хат жолдаңыз жауабы сауалдың ауқымдылығына байланысты бірнеше күннен кейін дайын болады,- деді.

“Ассанди таймс” газеті бетінің алғашқы бетінде ҚДТ халықтық партиясының лидері Ғалымжан Жақияновтың суретімен оның атынан хат түріндегі мақаланың жарық көруіне байланысты ҚДТ халықтық партиясының өкілдері маусымның 3-і күні баспасөз мәслихатын өткізді. Аталған партия өкілдері Ғалымжан Жақияновтың атынан жарияланған хатты жалған,- деп мәлімдеді. ҚДТ халықтық партиясының Оңтүстік Қазақстан облыстық бөлімшесінің жетекшісі Жеңіс Досжанов мырза бұл сайлау қарсаңында ҚДТ халықтық партиясы өкілдеріне жасалып отырған ыспақ,- дейді.

-“Ассанди-Таймс” газетінің бетінде Ғалымжан Жақияновтың атынан жалған мақала берілді. Біз бұл жалған мақаламен келіспейміз. Бұлар біздің партиямыздың тіркеуден өткенін көре алмаушылықпен жасап отырған шаралары.

Осы аталған партияның орталық аппаратының жетекшісі Бақыт Түленованың пікірде жоғарыдағы әріптесімен үндес болып шықты.

-Ондай хатты Ғалымжан Бәділжанұлы жазбайды. Бұл биліктің демократиялық күштерге іріткі салу мақсатындағы іс-әрекеті.

Осы орайда айта кетер жайт жалған деп танылған басылым бетінде басқа да оппозиция өкілдері Әкежан Қажыгелдин, Серікболсын Әбділдинге қатысты мақалалар жарияланған болатын. Сондықтан да біздер Қазақстанның Коммунистік партиясының төрағасы Серікболсын Әбділдинге хабарласқан едік. Серікболсын Әбділдин мырза өз пікірін былайша білдірді.

-Бұл тірлік осыдан әрі жалғаса беретін болса, онда біз ел болудан қаламыз. Осы бағытпен жүретін болсақ біздің келешегіміз жоқ. Ал ресми түрде жабылған Қазақстанның Халықтық партиясының өкілі Ермұрат Бәпидың пікірі төмендегідей.

-Газеттің жалған түрін шығарып таратып жүргендердің кім екенін жақсы білеміз. Түптеп келгенде биліктің әлсіздігінің, әбден шамасының кеткендігінің белгісі. Осы орайда біздер қала көшелеріндегі азаматтарды сөзге тартып, “Ассанди Таймс” газетіне қатысты пікірлерін сұраған едік. Біз сөзге тартқан бірінші азамат:



Газет бетіндегі мақаланың жалған екендігіне күмәнім болған жоқ. Екінші азамат:



-Сәрсенбі күні оқыдым. Шындық деп ойлаймын.

Үшінші азамат:



-Газеттің жалған екендігін басында білген жоқпын. Кешкілік жаңалықтардан білдім.
XS
SM
MD
LG