Accessibility links

Қазақстан үкіметінде болған кеңесте Қазақстан мен Қытай шекарасының бойындағы тауарайналымды арттыру үшін жасалған "Қорғас" халықаралық орталығын құру тұжырымдамасы қаралды


Алматы облыстық әкімшілігінің өкілдерінің пікірінше, жобаны жүзеге асыру Қазақстанның шекара бойындағы аумақтарының экономикасын нығайтуға, жергілікті тұрғындардың жағдайын жақсартуға және шекара бойындағы сауда көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Саясаттанушы Әзімбай Ғалидің ойынша, Қазақстан үшін Қытайдың тауарлары мен қаржысының республикада шоғырлануы тиімді.

- Бұрын, тек қана, Жаркент, Алматы, Талдықорған көтерілсе, енді Қорғастың көтерілгенінен кейін, көтерме саудагерлер енді сол жерден де сауда жасайды. Жалпы, Алматы бұл жағдайда өнімдерді өндіретін болады, мейлінше.

Қазақстандық саясаткерлердің кейбіреуі Шығыс көршімен ынтымақтастықты абайлап дамытуды ұсынып отыр. Олар Қытайдың Қазақстан территориясына қауіп төндіруі мүмкін десе, келесілері бұл тек сөз жүзінде көтерілген мәселе өйткені дәл қазір Қытай Қазақстанның территориясына ешбір талап қойып отырған жоқ дейді. Ал, Қытайда болып ондағы жағдайды өз көзімен көрген саясаттанушы Жұмабай Доспановтың пікірінше, Қытайдың үстемдік саясаты өзгерген емес дейді.

-Олар мектептегі оқушыларына әлі күнге дейін, Қазақстанды Қытайдың бұрыңғы жері деп үйретіп жатыр. Солай үйретіп жатқан Қытаймен қарым-қатынас өте сақ күйде болу керек, өйткені олардың Қазақстанға үстемдік көрсету саясаты еш өзгерген жоқ.

Пікірлесу барысында Қазақстан премьер-министрі Даниал Ахметов, бұл жоба жүзеге асқанда, қаражат, қызметтер мен технологиялардың еркін өтуіне жағдай жасалады деді. Саясаттанушы Берік Әбдіғалиевтің түсіндіруінше, әлемдік сауда ұйымына қосылмас бұрын Қазақстанға Шығыстағы ірі көршісімен бірігіп жұмыс істеген тиімді.

-Әлемдік сауда ұйымына кірер алдында, біз олармен, әсіресе, халық тауарларын жақындастырып, бірге мекемелер ашып, іс әрекеттер қолдануымыз керек. Қазақстан экономикасы дамып алса, ол Қазақстанның өзіне жақсы. Қазақстан халықтарының бәсекелестік мүмкіншіліктері арта бастаған сайын, біз Қытайдың ондай қылықтарынан қорықпауымыз керек.

Қазақстан мен Қытайдың ортақ шекарасы 1700 шақырымнан асады. Тұрғындары санынан әлемдегі ең үлкен мемлекетте 1 млн.-нан астам қазақтар тұрады. Саясаттанушы Әміржан Қосановтың мәліметінше, осындай көрсеткіштерге ие мемлекет Қазақстанның миграциялық ахуалына әсер етпей қомайды.

-Қазақстандағы Қытай ме

йрамханаларына барыңыз, 90 пайызы сол азаматтар және олар өздерін қалай ұстап отыр. Олар өздерін үйінде отырғандай төрде отырғандай сезінеді.

Қазір, Қытай инвестиция тарту көрсеткіштері бойынша, әлемде екінші орында. Елдің валюталық резерві 140 млрд. доллардан асқан. Саясаттанушы Әзімбай Ғалидің ойынша, қытайлықтар Қазақстанның транзиттік мүмкіншіліктерін тиімді пайдаланып келген. Енді осы сауда қатынастарын заңды жолға қою керек дейді саясаттанушы.

- Өтетін тауар Қазақстанда қалып саудаланып жатты. Енді соны жөндеу керек. Қытайға сатқанымыз сатып алғанымыздан көбірек.

Осыдан бірнеше жыл бұрын белгілі қытайтанушы ғалым Қазақстан Қытай сияқты ірі көршісінен қару жарақпен қорғана алмайды, өйткені бұл елдердің әскери қуаты әлдеқайда үлкен. Сондықтан екі елдің қатынастарында дипломатиялық жолдарды көп қолданған абзал деген болатын. Саясаттанушы Жұмабай Доспановтың пікірінше, шығыстағы көршілерге әрдайым құшақ жая берген болмайды. Ал Қорғастағы жоба бұған дейін Қазақстан Қытай арасында жүргізіліп келген қатынастарды заңдастыру үшін жасалып жатыр дейді саясаттанушы.

- Бұған дейін Қазақстанға заңсыз еніп кеткен қытайлардың әрекеттерін заңдастыру деп есептеймін.

Қытайдың тез өсіп келе жатқан экономикасы Қазақстан үшін тиімді дейтіндер көп. Соңғы 20 жыл ішінде Қытай елдің ішкі жалпы өнімін 6 есеге өсіріп алған. Саясаттанушы Берік Әбдіғалиевтің түсіндіруінше, көзқарастар қалай құбылса да Қытай Қазақстанның экономикамысына әсер етпей қоймайды.

- Біз қалай қашқалақтасақ та бұл біздің үлкен көршіміз. Мысалы, бір күнге шекараны жауып тастағанда өзіміз куә болдық, халықтың жағдайына әсер ете бастайды. Базардағы баға көтеріліп, ахуалға әсер ететін күші барын байқадық.

Саясаттанушы Әміржан Қосановтың мәліметі де осыған ұқсас. Көршілер арасындағы сауда қатынастары орынды құбылыс дейді саясаттанушы.

-Біз қалаймыз ба, қаламаймыз ба, контрабандамен бе жоқ әлде заңды жолмен бе келеді.

Ал Қорғастағы жабаға байланысты, үкімет басшысы техникалық-экономикалық негіздеме жасау жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.
XS
SM
MD
LG