Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездескен Қазақстанның Коммунистік партиясының жетекшісі Серікболсын Әбділдин біз Коммунистік партияның өкілдері көкек айында өткен партияның кезекті пленумында президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өз еркімен биліктен кетуін талап етіп, елде демократиялық жолмен сайлау өткізу жөнінде ұсыныс, үндеу қабылдап, оны президентке жолдаған болатынбыз. Алайда біздің талабымызға президент Нұрсұлтан Назарбаев мамыр айының 14-і күні тікелей эфир арқылы халықпен сұхбатында жауап беріп, өзінің келесі 2006 жылы президенттік сайлауға түсетінін мәлімдеді. Біз бұл жауапқа риза емеспіз,- дегенді айтты.
-Көтерген мәселеміз аяқсыз қалмасын деп осындай шешімге келіп отырмыз. Халықтың ойын білеміз. Коммунистік партияның хатшысы депутат Төлен Тоқтасынов болашаққа жоспарланып отырған референдум ҚР Референдум туралы заңына сәйкес жүргізіледі. Оған алғашқы қадамдар басталып та кетті десе болады, - деді.
-Орталық комитетке арнайы тапсырмалар берілді. Бізге алдымен әр аймақтан 30 адамнан комиссия құрып, отырыс өткізу керек. Құжаттарды жинап, Орталық сайлау комиссиясына тапсыру керек. Орталық сайлау комиссиясы өз шешімін шығарады. Ары қарай ол тек Зағипа Балиева мен президент Нұрсұлтан Назарбаевқа байланысты. Біздер бұл мәселемен түбегейлі айналысатын боламыз. Референдумның күн тәртібіне екінші мәселе ретінде төмендегі жағдайды қоямыз,- деді депутат Төлен Тоқтасынов.
-Екінші мәселе - бірінші президент туралы заңды тоқтату.
Осы орайда, Серікболсын Әбділдин мырза Коммунистік партияның кейбір аймақтардағы өкілдері Орталық сайлау комиссиясының құрамына енгізілмей отыр. Бұл Коммунистік партияға билік тарапынан жасалынып отырған қыспақ, - деді. -Егер президент оппозициялық партияларды қақпалап, тағы да заңсыз сайлауға жол беретін болса, онда шығын шығарып, сайлауға қатысып керегі жоқ. Бізге қысым жасап, сайлауға қатыстырмаса онда Грузияның жағдайы басына туады.
Коммунистік партияның жасаған саяси мәлімдемесіне орай, “Жұмысшы” қозғалысының өкілі Сақып Жаңабаева өз ойын былай білдірді.
-Әбділдин ол халықты ойлап жүрген адам емес. Өмір бойы креслода отырып келген адам. Оның бар ойы Назарбаевтың орнын алу.
Ал саясаткер Шәріп Құрақбаевтың ойы болса мынадай. -Коммунистік партияның референдум жайлы ұсыныс жасауы - билікке жасаған ескертуі. Егер күзгі парламент сайлауы әділетсіз өтетін болса, оларды саяси оппозициялық бағыттағы партиялардың барлығы қолдайтын болады. Бұл мәселеде билік ойланғаны жөн.