Accessibility links

Чехияның Темелиндегі атом электр стансасында радиоактивті қоспасы бар мыңдаған литр су төгілді.


Чехияның Темелиндегі атом электр стансасында радиоактивті қоспасы бар мыңдаған литр су төгілді. Жексенбі күні болған апат жайында чех үкіметі кеше ғана жариялады. Ядролық қауіпсіздік бойынша мемлекеттік басқарманың өкілі Павел Питтерманның мәлімдеуінше, халықтың денсаулығы мен қоршаған ортаға төнген қатер жоқ. Чехияның Аустриямен арадағы шекарасы маңындағы Темелин атом электр стансасы Венаның наразы болуына қарамастан 2000 жылы іске қосылған болатын.
XS
SM
MD
LG