Accessibility links

Ирақта бүгін екі жерде бомба қопарылды.


Ирақ теріскейіндегі Масул қаласында бүгін қопарылған бомбадан 10 ирақтық опат болды. Бомба қала әкімі Салем ал-Хадж Иса мінген аутокөлік жолдан өтіп кеткен кезде қопарылған. Алайда қала әкімі зардап шекпеген. Бақоуба қаласындағы АҚШ әскери базасының жанында да бомба қопарылып одан 4 ирақтық бір америка солдаты опат болды. Кеше Ирақтың жаңа тағайындалған үкімет басы Лияд Аллави Ирақтағы 9 қарулы топ қаруларын тапсыратын болды деп мәлімдеді. Келісім бойынша алдағы жылы 100 мыңдай Ирақтағы жасақтар қаруларын тапсыратын болған. Алайда, ол келісімге шиит көтерілісшісі Мақтұда ал-Садрдың Мехди әскері кірмей отыр.
XS
SM
MD
LG