Италияның Болония қаласындағы сайлауалды жиналысында жарылған бомбадан 6 адам жараланды. Италияның Анса агенттігі хабарлағандай, шағын бомба премьер-министрдің орынбасары Джанфранко Фини сөз сөйлеп тұрған мінбердің жанына орнатылған көрінеді. Джанфранко Фини – Италияның оңшыл-центристік коалициялық үкіметіндегі екінші ірі “Ұлттық альянс” партиясының лидері. Полицияның болжауынша, бұл қастандықты анахистік немесе әсіре ұлтшыл топтардың ұйымдастыруы ықтимал.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Денсаулық сақтау
Дәрігерлердің қатесі үшін жазаны жеңілдеткен дұрыс па?
AzattyqTV