Accessibility links

Түркиядағы Фетхұлла діни мектебі Орта Азиялық жаңа ұрпаққа рухани тірек бола ала ма ?


Талдаушымыз Жан Кристоф Пойдың жазғанындай, Түркиядағы Нұр діни қозғалысы İсләм әлемінде өткен ғасырда пайда болған аса маңызды реформашыл ағымдардың бірі есептеледі. Сол діни қозғалыстың бір тармағына түркиелік ойшыл данышпан, діни қайраткер Фетхұлла Гүлен негіз салған. Гүлен, өз діни тәрбиелік тағылымы арқылы, өзара ынтымақтасып, үкіметтік үлкен басшылық орындарға көтеріле алатын жаңа ұрпақты өсіріп жеткізуді мұрат-мақсат еткен. Совет одағының құлауы, фетхұллашылардың өз ой-мақсаттарын шет елдерде, атап айтсақ, негізінен мұсылман қауымы тұратын Орталық Азия елдерінде іске асыруға мүмкіндік туғызды.

Осы Фетхұлла Гүлен діни ағымы мұраттарының қалай және ол мектептің Түркиядан сыртқы аймақтарда кеңірек тарауы жағдайы қай деңгейде ? Нұр - Түркиядағы İсләмдік діни реформашыл қозғалыс. Бұл қозғалыс зайырлы қоғамда İсләмді замана талабы, дәстүріне сай үйлестіруді өзінің негізгі мақсаты етіп алған. Ал, ол ағымның негізін қалаушы - күрд текті діни қайраткер Саид Бедуийзаман Нұрси есептеледі. Нұрси осыдан жүз он жылдай бұрын дүниеге келген.

1893-жылы Нұрси діни сана-сезімді дамытуда ғылми тағылымның алатын орнының ерекше екендігін баса айтқан. Бірақ Нұрсидің ерте қазасы Нұр ағымының бірнеше топқа бөлініп кетуіне себепші болған. Нұрси 44 жасында ол дүниелік болған. Дегенмен, олардан үкіметттің өзі тағайындаған имам Фетхұлла Гүленнің тобы ерекшеленіп шыққан. Ал қазіргі кезде, сол Гүленнің , бүкіл әлемде, 3 миллиондай қолдаушы ізбасары бар көрінеді.

Ал енді, реформашыл ағым ретінде әртүрлі аталатын сол топтың Түркиядан тыс İсләм әлеміндегі әсер-ықпалы қандай ?

Фетхұлла Гүленнің реформашыл діни ой-мұрат-мақсаттық тұжырымдамасының алғаш рет Түркия аумағанынан шеткі аймақ елдеріне тарауы Совет Одағының күйреуінен кейін, 1991-жылдан басталды. Әсіресе, Орта Азиядағы бұрыңғы советтік елдердің тәуелсіздік алуы Гүленнің діни идеясының енді өзге аймақтарда да кең жайылуына қолайлы жағдай тудырды. Кеңестік одақ құлағаннан кейінгі алты жыл ішінде Гүлен тобы Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түрікменстан және Өзбекстанда, сондай-ақ, Ресейдегі түркі қауымы жасайтын Дағыстан, Қарашай-Черкес, Татарстан, Башқыртстанда жүзден астам орта мектеп және жоғарығы оқу орындарын ашып үлгірді.

Гүленнің Нұрсу оқу орындары азды –көпті түркілер тұратын Украина, Гүржістан , Молдово және Тәжікстан сықылды мемлекеттерде де пайда болды. Тіптен ол аз десеңіз, бұрыңғы коммунистик шығыс Еуропа елдері - Албания, Босния-Герсеговина, Болғария, Македония, Румыния және өзге де бір қатар Азия елдерінде Нұр мектептері ашылды. Сонымен, шет елдердегі Нұрси мектептерінің барлық саны Түркиядағы 150 оқу орнына теңесіп, алдағы кезде одан да асып түсетін түрі бар. Себебі, Германия, Франция, АҚШ, Канада, Аустралия сықылды бір қатар батыс елдерінде түркиелік иммигранттардың саны айтарлықтай. Ол аймақтағы диаспора көлемі жөнінде 3 - 4 млн деген болжам айтылады. Нұрси идеяларынан олар да құр қол емес. Бұл арада айта кететін бір жағдай, Алматыдағы Сұлеймен Демирел атындағы, Түркістандағы Ахмет Яссауий, Бішкектегі Манас атындағы және Ашғабаттағы Түрікмен-Түрік университеттеріне Түркия үкіметі демеушілік етеді. Ал шет елдерге есігін кеңірек ашқан Қазақстанда Гүлен тобының 27 Нұрси мектебі бар.

Бірақ бұл мектептің алған бағыты кедергісіз бір кең даңғыл деуге де келе қоймас. Мысалы, Өзбекстан президенті İслам Кәримов 1994-жылдың өзінде-ақ, фетхұллачы мұғалімдерді елден қуып шықты. Олардан қалғанын 98-жылы тазалады. Сонымен, қазіргі кезде Өзбекстанда Нұр мектебі жоқ. Ол ол ма, Өзбекстан үкіметі Түркияда тағлым алып жүрген мыңдаған талабасын да керіқайтарып алды.

Енді, Нұр идеялары және оның Орта Азия аймағындағы әсер-ықпалы жөнінде, зерттеушілердің, талдаушылардың пікірі қалай ? АҚШтық әлеуметтанушы Берна Турамның айтуынша, Нұр мектептерін ашудағы бағдарламаның, аймағына қарай, түрлі мұрат-мақсаты бар.

- Алғашқы кезде жұрт, түріктер күйреген советтік идеологияның орнын басуға келді, деп ойлады. Сондықтан оларға алғаш күдікпен қарап, салқын қабылдады. Бірақ бірте-бірте қазақ-түрік мектептеріне ата-аналар өз балаларын сеніп тапсыра бастады, - дейді ғалым.

Рас, Нұрси мектептері тұрмыстық қаржы тапшылығына кезіккен кезде Орта Азия елдеріндегі ол оқу-білім ошақтары үшін қаржы бөліп, Түркияның өзіндегі талап деңгейінде білім беріп, әдептілік тәлім-тәрбие жолдарын, Ағылшын, Түрік тілдерін үйретіп, жергілікті тіл, дәстүрге де жіті назар аударып, өзін жақсы жағынан көрсете білді. Тіптен кейде Орыс тілін де назардан тыс қалдырмады.

Ең негізгісі, Гүленнің ұстаздары діндарлар болғанымен, дінді оқытуды негізгі мақсат етпеді. Олар Түркиедегі зайырлы дін саясатын ұстанды. Тіптен өзге дін өкілдеріне де есіктерін ашып қойды. Міне сондықтан, фетхұллашылар алға қойған мақсаттарына қол жеткізе алды. Ол мектептерді бітіргендер Түркия және өзге де бір қатар Азия, батыстық елдерде өз білімдерін одан әрі жетілдіре түсуге мүмкіндік алды.

Бұл жөнінде Америкадағы Юта университетінен Гүлен қозғалысы бойынша сарапшы Хақан Явуз былай дейді.

-

Бұл Нұр қозғалысының табысы баршылық. 1-ден, кедейшілік деңгейіндегі Орталық Азиядағы білім беру саласына көмек берді, 2-ден, заман талабына орай, шет тілдеріне ерекше мән берді, 3-ден, Гүлен тобы орташа, жоғары табысты қауыммен тіл табысып, өзара бизнесті дамыта білді, - дейді сарапшы.

Бір қызық жағдай, фетхұллашылардың ол табысына Түркияның өзіндегі үкіметтік ресми қауым қызғана, кейде сенімсіздікпен қарайды екен.

Дегенмен, әзірше, фетхұллашылар мектеп бағдарламасы бүкіл Орта Азиядағы оқу жүйесінің он-ақ пайызын құрайды. Бірақ Ыстанбұлдағы Француз институтының зерттеушісі Байрам Балчының пікірінше, жаңа ұрпақ тәрбиелеу үшін бұл аздау екен.
XS
SM
MD
LG