Accessibility links

Түркияда сепаратистермен ауыз жаласты деген айып бойынша ұзақ мерзімге кесілген 4 күрд депутаты түрмеден босатылды.


Түркияда сепаратистермен ауыз жаласты деген айып бойынша ұзақ мерзімге кесілген 4 күрд депутаты түрмеден босатылды. Соттың үкіміне сәйкес, істер қайта тергелгенше, олар бостандықта болады. Депутаттар түрмеде 15 жылдық мерзімнің 10 жылын өткерді. Еуропа Одағы олардың босатылуын Түркиядағы реформалардың нәтижесі ретінде қабылдап, қолдау білдірді. Кеше адам құқықтары бойынша еуропалық сот күрд көтерілісшілерінің Түркияда ғұмырының соңына дейін сотталған көсемі Абдолла Оджаланның ісін тыңдауға кірісті.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG