-Қазақстанның көзқарасы айқын айтылды. Бірінші аумақтық теңіз болу керек. Ені 12 теңіз милясы болу керек. Біздің пікірімізді Түркменстан, Әзірбайжан қолдап отыр. Иранда жалпы келіседі кейбір пікірлері бар. Егерде бізге тиімді ұсыныс болса, біз бұл көзқарасымызды өзгертуіміз мүмкін.
Ал, Ресей федерациясының сыртқы істер министрінің орынбасары Виктор Калюжныйдың мәліметіне сүйенсек, Ресей Каспийді бөлуге қатысты өз көзқарасын өзгерткен емес. Біз кеңес одағы мен Иран арасындағы 1921 және 1940 жылы жасалған келісімдерге сүйеніп жұмыс істеуді ұсынып отрымыз деді Ресей өкілі. Кеме қатынастары, биосфера, экология және басқа да мәселелер қаралған, тарихи қалыптасқан келісімдерді сындырып қайтеміз деді Колюжный мырза.
Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің арнайы тапсырмалар жөніндегі елшісі Равиль Шырдабаевтың сөзіне сүйенсек, Ресейліктердің пікірі Қазақстаннан өзгеше.
-Аумақтық теңіз ені 15 миль болсын деп отыр. Осында шекара болсын, осында балық ауланатын аумақ болсын деген пікірде отыр.
Әзірбайжан республикасының сыртқы істер министрінің орынбасары Халаф Халафовтың сөзіне сүйенсек, соңғы уақытта Иранмен Әзірбайжан арасында Каспийді бөлу төңірегіндегі екі жақты келіссөздер жүргізіліп жатыр. Позициялар бойынша жақындасу бар дейді Халафов мырза.
Иран жағы ресурстарын тек кондоминимум тұрғысынан, яғни тең бөліп пайдалану қажеттігін ұстанып отыр. Бірақ, бүгінгі мәжілісте Ираннның Каспий теңізі мәселелері жөніндегі арнайы өкілі Мехди Сафари Каспийді бөлу туралы келіссөздер тек 5-тік арасында ғана емес екі жақты форматта да өтіп жатқандығын айтты. Сафари мырзаның мәліметіне сүйенсек, қазір Иран осындай екі жақты келіссөздерді Түркменстан, Қазақстан және Ресеймен жүргізіп келеді.
Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің арнайы тапсырмалар жөніндегі елшісі Равиль Шырдабаевтың пікірінше, Иранның позициясы өзгеруі ықтимал.
-Болашақта өзгеруі мүмкін, себебі кейбір конвенция баптары оларға ой салды, сондықтан олар өздеріне уақыт сұрады.
Әзірбайжан республикасының сыртқы істер министрінің орынбасары Халаф Халафовтың сөзіне сүйенсек, Каспий табанын бөлу туралы Әзірбайжан, Ресей және Қазақстан арасындағы келісім болашақтағы ортақ келісімдерге жақсы негіз болуы мүмкін.
Каспийдің құқықтық мәртебесі туралы Конвенциясы енді Мәскеуде қаралады. Арнайы жұмыс тобының сыртқы істер министрлер деңгейіндегі кезекті отырысын Мәскеуде өткізу жоспарланған.