Accessibility links

Алматыда «Өндіруші саладан түсетін кірісті бақылауда парламенттің рөлі» тақырыбында ашық форум өтті.


Маусымның 10 күні Алматыда «Сорос-Қазақстан» қорының ұйымдастыруымен « Kazakhstan Revenue Watch» аясында « Өндіруші саладан түсетін кірісті бақылауды қамтымасыз етуде парламенттің рөлі» тақырыбында өткен жиынды ашып сөз сөйлеген Сорос-Қазақстан қорының басқарма бастығы Дариуш Зитек өз сөзінде, Қазақстан үшін алдағы жылдары ең маңызды мәселердің бірі ол өзінің табиғи байлығын пайдаланған кезде экономикалық ұзақ мерзімдік дамуды көздеумен бірге осы байлықтан болашақ ұрпақтың өзіне тиісті еншісі үлесі бар екендігін ұмытпау ләзім. Сондықтан да Қазақстан бұл мәселеде Норвегиядан үйренрері аз емес деді.

2000 шы жылы Қазақстан үкіметі елдегі әлеуметтік-экономикалық дамуды тұрақты болдыруы үшін, болашақ ұрпақ жағдайын ойлай отырып және кенет күтпеген сыртқы факторлар әсерінен ел экономикасын шайқалтпай ұстап қалу мақсатында ұлттық қор құру туралы шешім қабылдаған болатын. Бұл ұлттық қорды құру кезіндн Қазақстан ең алдымен Норвегияның осындай қор құрған яғни мемелекеттік мұнай қорын қалай құрған тәжіріибесін зерттеп, соны өзіне үлгі еткен деді Дариуш Зитек өз сөзінде.

Оның айтуынша бірақта қазақстандық ұлттық қорды құрушылар Норвегияның тәжірибесін толық жағдайда пайдаланбаған.

Жиында осындай тәжірибенің Норвегия елінде қалай жүзеге асырылғандығы туралы Норвегияның парламент мүшесі Кьелл Энгебретсен және сол елдің мемелекеттік мұнай компаниясы «Statoil» дың бұрынғы вице-президенті, қәзірде Норвегияның мұнай және энергетика министрлігінің кеңесшісі болып қызмет атқаратын Вилли Олсен екеуі баяндап берді. Олардың айтуларынша ең басты айырмашылық ол екі елдегі екі басқа басқару жүйесінің болуында болып отыр. Мәселен Норвегияда монархиялық билік болғанымен шын мәніндегі елді басқару парламент қолында. Ол үкіметтің жұмысын да қадағалап бақылап отырады. Сондықтан мемелекеттік ұлттық қордың жұмысын сондағы кіріс пен шығысты парламент өзінің қатаң бақылауында ұстайды. Қазақстанның парламенті мәжілісінің депутаты Серікболсын Әбділдіиннің айтуынша Норвегияның бұл бақылау тәжірибесін бүгінгі күні Қазақстанда қолдану мүмкін емес. Өйткені Қазақстандағы ұлттық қор, ондағы 4 милиардтан астам доллардың қаржысы тек қана президент бақылауында. Ал парламентің қолында ешқандай құқық жоқ. Норвегия тәжіріибесін кіргізу үшін Қазақстанда билік жүйесі ауысу керек. Қазақстан парламенті мәжіліс төрағасының кеңесшісі Ирак Елекеев болса Ұлттық қордағы ақшаны жинай бермей оны ел экономикасына кіргізу керек, ауылдағы ауыр жағдайды, денсаулық саласын, оқу білім саласын көтеруге жұмсау керек деген пікір айтты. Қандай бір күтпеген қиыншылықтарға төтеп беру үшін қорда 1 милиардтай доллар жатса сол жетеді дейді ол.
XS
SM
MD
LG