Accessibility links

АҚШ, Үлкен Сегіздік елдер тобы Таяу Шығыстағы реформалар үшін күресуге мәжбүр


АҚШтың Джорджия штатында сарсенбі күні басталған Үлкен сегіздік елдерінің алқалы жиынында, елбасылары Таяу , Орта және Шығыс Азия мемлекеттеріндегі саяси, экономикалық реформалардың жедел жүзеге асырылуын негізгі шаралардың бірі ретінде жариялады.

Бірақ, АҚШ бас болып ұсынып отырған бұл жоспарға кейбір араб-мұсылман елдері сынмен қарап отыр.

Қонақ күтер АҚШ елбасы Бушты айтпағанда, Джорджияға Ұлы Британия, Қанада, Франция, Германия, Италия, Жапония және Ресей жетекшілері келген. Сонымен АҚШта бұл ел басшылығының ұсынысымен Үлкен сегіздік елдерінен келген ресми басшылық, маусымның 9ы күні , Джорджия саммитіне жиналып, жұмысқа да кірісіп кетті.

Ол жиынның күн тәртібінде қандай негізгі мәселе талқылануда екен ?

Шығыста - Тынық, ал батыста - Атлантикалық мұхиттың арғы бетіндегі АҚШ үшін Еуропа, Азия тіптен Африкадағы кез-келген саяси экономикалық жағдай, төтенше уақиға күн тәртібінде тұратын мәселе екендігі ертеден белгі. Ал бірақ, Израиль-Палестин жанжалы болса АҚШқа ау бастан –ақ бас ауру болып келеді. Оған Таяу шығыс, Солтүстік Африка, сондай-ақ, Ирақты айтпағанда, оған Пәкістан мен Ауғанстандағы күрделі жағдайларды қоссақ, АҚШтағы Үлкен сегіздіктің бұл келесі бас қосуы да тартыс, айтыспен өтетіндігі ақиқаттан алыс емес.

Бұл басқосуда тек қана өзара саяси дау- жанжалдар емес, аймақтық болашақ жөнінде де әңгіме болатындығы мәлім болды. Мысалы, Франция президенті Жақ Шырақтың сәрсенбі күнгі жиында айтуынша, Таяу шығыс пен Солтүстік Африка елдері миссионерлік демократияға мұқтаж емес. Президент Шырақтың пікірінше, ол мемлекеттер Үлкен сегіздіктің жаңа бағдарламасына қосыла ма, оны олардың өздері шешулері керек.

Сегіздіктің қазіргі жоспарында кейбір жаңа түзетулер болғанымен, АҚШ әу баста ұсынған жайттер негізгі нысана болып қалып отыр. Олар - демократия, заң билігі, басқару жүесін жетілдіру, шағын халықтардың құқығын қорғау, білім беруді нығайту, әйел құқығын қорғау, тағы басқалар. Сегіздік мәселелері бойынша Еуропа комиссиясы президентінің бас кеңесшісі Стефано Санниноның айтуынша, жоспардағы күн тәртібіне Араб-Израиль жанжалының әділетті жолмен шешілуі мәселесін қосуды Еуро одақ ұсынған.. Ал Сегіздік жетекшілері ол ұсынысты бір ауыздан қолдаған.

Сондай-ақ , Санниноның Брюсселдегі тілшілерге айтуынша, ол мәселе Еуро одақтың атсалысуымен, әр елдегі талап-мұтажға орай шешілетін болады.

Бұл ұзақ мерзімді қажет ететін мәселе өзара әріптестік, түсіністік негізінде атқарылар шара, - дейді кеңесші.

Сонымен қатар, саммит алдында шешілуі күрделі мәселелер де баршылық. АҚШтық қазіргі сыртқы саясатқа орай түрлі тұман пікірлер айтыла бастағандығы да ақиқат.

Вашингтондағы Американ Ентерпрайс институтының вице президенті Даниел Плетканың айтуынша, АҚШ ұсынған жоспарлардың барлығының түгел орындалуына сену қиын. Плетканың айтуынша, АҚШтағы ішкі жанжалдарды айтпағанда, реформа мәселесінде, сыртқы әріптестердің өзіне көптеген өзгерістер бойынша мүмкіндік беріліп отыр екен.

Ал Сирияда туып өскен, бірақ қазіргі кезде Вашингтондағы зерттеу орталығында істейтін Мұрхаф Жоужытидің айтуынша, әсіресе араб мемлекеттері АҚШтың, оның ішінде президент Дж. Буштың өзі жасаған ұсыныс, жоспарларына сенбейді екен. Әсіресе АҚШтың Таяу шығыстағы саясатына олар күдікпен қарайтын көрінеді.
XS
SM
MD
LG